Ақтөбе облысыҚоғам

Қарды дұрыс тазаламаған мердігерге 4 млн теңге айыппұл салынды

0
(0)

Қарды дұрыс тазартпасаң, айыппұл төлейсің! Ақтөбеде толассыз жауған қардан көлік қозғалысы қиындады. Коммуналдық қызмет ауыл арасы тұрмақ, облыс орталығын қардан тазартып үлгермей жатыр. Ал қалалық әкімдік мердігер компаниялардың жартысымен әлі күнге келісім-шарт жасамапты. Оның кесірі енді тұрғындарға тиюде. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала іргесіндегі «Ақжар-2» ауданының тұрғындары көліктерін осылай жол бойына қаңтарып қойған. Өйтпеске амалдары жоқ. Ауыл ішіне кірсе омбы қарға батып қалады. Тұрғындар ауласы мен есік алдындағы қарды тазартып жүр. Ал қыс басталғалы ауылдың басты көшелерін коммуналдық мекемелер тек екі мәрте ғана тазартқанын айтады.

Ауыл арасы тұрмақ, облыс орталығындағы көшелердің жағдайы да мәз емес. Бас даңғылды айнадай ғып тазартқанымен, қалған көшелерде омбы қарға батып, әрең жүресің.

«Ақтөбеліктерге енді үйден шығарда күрек алып жүруге тура келетін секілді. Өйткені, адам жүретін жолдың бәрін қар басып тастаған. Мысалы, мынау қаланың «Батыс-2» деп аталатын ең жаңа ауданы. Жаяу жүргіншіге қардан аяқ алып жүргісіз».

Түскен қарды тазартудың өз тәртібі бар. Қала мен оның маңындағы ауылдарда қар жауғаннан кейін 6 сағат ішінде тазартылып болуы тиіс. Алайда, шаһарға жұмылдырылған 100 көліктің өзі үлгеретін емес. Жергілікті әкімдік осы уақытқа дейін былтырғы тендер жеңімпаздарымен жұмыс істегенін алға тартты. Ал биылғы мекемелердің жартысының қолында әлі келісім-шарт жоқ. Бірақ, әкімдік өкілі соған қарамастан, жағдайды реттейміз деп отыр.

Руслан ЕСМҰХАНОВ, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің маманы

«Тендер ойнатылып болды. 2-3 күндікте договор полный мердігер мекемелерге берілетін болады. Жартысына берілді. Жарытысына 2-3 күндікте беріледі. Ауа райының қолайсыздылыған байланысты бір тазартқан жерді екіншгі мәрте өтуге сол себептен техникалар үлгермей жатыр».

Қарды дер кезінде тазартпағаны үшін мердігер компанияларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Олар енді 4 млн теңге айыппұл төлейді. Қыс басталғалы қала аумағынан 200 мың текше метр қар шығарылған. Тазарту жұмыстарына 11 мердігер мекеме жұмылдырылыпты. Олар ең бірінші су басу қаупі бар аудандарды тазартады. Қалған көшелер мен тротуарлар  содан кейін.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button