Ақтөбе облысы

Ақтөбелік зауыт: тағы бір жұмысшы қайтыс болды

0
(0)

Ақтөбеде зауытта жарақат алған тағы бір жұмысшы қайтыс болды. 32 жастағы ер адам жансақтау бөлімінде жатқан болатын. Денесінің 65-80 пайызын күйік шалған пациентті аман алып қалу мүмкін болмады. Дәрігерлер оның ес-түсі  болғанымен, басы мен беті, аяқ-қолы, тыныс алу жолдары буға әбден күйіп қалғанын айтты. Шоктан арылып, беті бері қарағаннан кейін емін жалғастыру үшін республикалық орталыққа тасымалдауды жоспарлаған екен, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

 

 

Ерғали Базарқұлов, Облыстық жедел жәрдем ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі:

«Пациент біздің ауруханаға 28-і мамыр күні түскен болатын. Денесінің 65-80 пайызы күйіп қалған. Тыныс алу жолдары да зақымданған. 1,2 дәрежелі күйік болды. Реанимацияда жатты. Өкінішке орай, барлық ем-шараны жасағанымызбен, түнде қайтыс болды”.

Ал 36 жастағы екінші жұмысшының жағдайы орташа ауыр. Бүгін жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырған. Оның денесінің 45 пайызы күйген. Дәрігерлер зауыт жұмысшысы ауруханада екі ай жатып, емделуі керек деп отыр. Естеріңізге салсам, өткен аптада Ақтөбе хром қосындылары зауытында апат болып,сыйымдылығы 50 текше метр болатын бөшкені тазартқан төрт жұмысшы оқиға орнында мерт болған еді. Қылмыстық іс қозғалып, учаске шебері, бөлім бастығы және №4 цех бастығы ұсталды. Олар тергеу аяқталғанға дейін қамауда отырады.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close