Ақтөбе облысы

Ұлт саулығы – ел байлығы

0
(0)

Партияның басты мақсаттарының бірі – азаматтардың денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту болып табылады.

Сондықтан да Жол картасындағы көрсеткіштердің орындалуы Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің қадағалауында. Жақында Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, атқарылған жұмыстар айтылды. Жиынға партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов қатысты.

Жол картасы бойынша биыл Мәртөк ауданының Жайсаң ауылында 40 адамға арналған дәрігерлік амбулатория және Казанка ауылында 20 адамға арналған медициналық пункт салынды. 4 медициналық автокөлік сатып алынды. Ауруханалар дәрілік препараттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ жиында Жол картасы бойынша 190 кереуеттік, сонымен қатар 120 келушіге арналған кеңес беру-диагностикалық орталық бар бірегей перинаталды орталық ашылатыны айтылды.

-Жақында Жол картасы аясында перинаталды орталық ашылады. 190 адамға арналған орталық заман талабына сай жаңа медициналық құрал-жабдықпен қамтылады. Бұл жерде жүктілік пен неонаталдық кезеңнің асқынуларына байланысты ана мен балаға медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалады. Біздің облыстың ғана емес, көршілес өңірлердің де шұғыл медициналық көмек қажет еткен әйелдері ем қабылдай алады, – деді Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің төрағасы Қайрат Сабыр.

Жиында Жол картасындағы орындалмау қаупі бар бөлімдер де қаралды. Мәселен Түркия, Израиль, Оңтүстік Кореяның және Ресей Федерациясының жетекші клиникаларында жыл сайын кемінде 10 дәрігердің кәсіби біліктілігін арттыру көзделген болса, коронавирус инфекциясының күшеюіне байланысты оқулар болмаған. Дегенмен дәрігерлерді Түркия мен Ресейге оқуға жіберу мәселесі қарастырылуда.

Кеңес мүшелері алдағы уақытта да денсаулық сақтау нысандарына мониторинг жүргізеді, орындалмау қаупі бар көрсеткіштерді анықтайды. Осылайша Жол картасындағы көрсеткіштердің орындалуы кеңес мүшелерінің үнемі қадағалуында болмақ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button