Ақмола облысыҚылмыс/Оқиға

Ақмола облысында киіктер қырылып жатыр

0
(0)

Ақмола облысының Қорғалжын және Целиноград ауданы аумағында 30-дан астам киіктің өлексесі табылды,– деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі inform.kz- ке сілтеме жасап.

Ақмолада облыс бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Лашынтай Дүйсеновтің айтуынша, биылғы жылдың 9-наурызында «ПО Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының орталық өңірлік филиалы инспекторлары Саумал көлінен 10 шақырым аумақтан 14 киіктің өлексесін анықтаған.

«Тексеріс барысында киіктер қалың қар мен күрделі ауа райының салдарынан шөп теуіп жей алмағандықтан аштан қырылғаны анықталды. Жануарлардың өлекселері арнайы мал қорымында залалсыздандырылды»,– деді Лашынтай Дүйсенов.

Орын алып отырған жағдайға байланысты және киіктердің жаппай қырылуын болдырмау үшін Ақмола облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясына Қорғалжын, Егіндікөл, Жақсы және Атбасар аудандарының әкімдеріне киіктер жүретін аумақтардағы қарды күреуді ұйымдастыру туралы нұсқау берілген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button