Ақмола облысыҚылмыс/Оқиға

Ақмолада ер адам сезіміне жауап қатпаған әйелді соққыға жыққан

0
(0)

Ақмола облысына қарасты Есіл қаласының мас тұрғыны құрбысын қызғанышпен ұрып-соққан.

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 17 мамырында шамамен сағат 20.30-да Есіл АПБ кезекші бөліміне аудандық орталық аурухананың фельдшерінен телефон хабарламасы келіп түскен. Ол Есіл қаласының 26 жастағы тұрғынының «оң жақтағы 9 қабырғаның сынуы» диагнозымен қабылдау бөлмесіне жүгінгенін айтқан.

«Оқиға орнына келген полицейлер 16 мамыр күні спирттік ішімдіктер ішу барысында туындаған жанжалда 37 жастағы ер адамның үйінде болған құрбысына дене жарақатын салғанын анықтады. Ер адам өз кінәсін мойындады, олар бірнеше рет кездескенін және оған деген сезімі болғанын, бірақ ол оның сезіміне мән бермегенін айтты», – делінген ПД хабарлаасында.

Аталған факт бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру»бойынша сотқа дейінгі іс бастады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button