Ақмола облысында коронавирус жұқтырған әйел дені сау бала туды

 771 

Ол Целиноград ауданының Қосшы ауылынан коронавирус диагнозымен Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылған.

Ақмола облыстық туберкулезге қарсы динспансерінің жұқпалы аурулар стационарында коронавирус жұқтырған 31 жастағы жүкті әйел дені сау баланы дүниеге әкелді, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Басқарманың Instagram парақшасында жазылғандай, жүкті әйел 13 мамырда Целиноград ауданының Қосшы ауылынан коронавирус диагнозымен Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылған. 16 мамырда салмағы 3100 грамм, бойы 52 см нәрестені босанды.

Сәби «таза аймаққа» ауыстырылып, COVID-19-ға экспресс және полимеразды тізбек реакциясына сынама алынды. Екі сынаманың да нәтижесі теріс.

«Әйел еш қиындықсыз босанды. Шақалақтың анасын, туған-туыстарын және дәрігерлерді осынау қуаныштарымен құттықтаймын!» – деді диспансердің бас дәрігері Қасымжан Тәшіметов.

Жаңа босанған келіншекке аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың атынан гүл шоқтары табыс етілді.

Бөлісу:


Және де: