Ақмола облысыҚылмыс/Оқиға

Көкшетауда 12 жастағы бала жүргізген көлік апатқа ұшырған

0
(0)

Көкшетауда көлік жүргізген 12 жасар бала жол-көлік апатына түсті, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 мамырда кешкі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының 50 жастағы тұрғыны үй ауласында «Mitsubishi Pajero» көлігін жөндеп, қозғалтқышын қосулы күйде қалдырған. Осы кезде, әкесінің рұқсатынсыз көлікке отырған оның 12 жасар ұлы айбасызда көліктің беріліс қорапшысының тұтқасын қозғап жіберген. Салдарынан көлік орнынан жүріп кетіп, 8 Март көшесіндегі тұрғын үйдің ауласындағы металл қоршауға соғылды», – деді ведомстводан.

ДП баспасөз қызметінен атап өткендей, тұрғындар болған оқиғаны ұялы телефонның бейнекамерасына түсіріп, әлеуметтік желіге салған. Нәтижесінде бір сағаттан кейін полиция қызметкерлері жүргізушіні анықтап, тәртіп бұзушыны ҚР ӘҚбК-нің 611-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартты.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button