Ақмола облысы

Ақмола облысында 100-ге жуық жылқы құтқарылды

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 100-ге жуық жылқыны құтқарды, деп newsroom.kz  хабарлайды El.kzақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

15 сәуірде құтқарушыларға Бастау ауданы маңындағы Есіл өзенінде су басқан шалғындарда жылқылардың жайылып жүріп, кейін өздігінен шыға алмай қалғандығы туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына келген бойда ауа-райының нашарлауына байланысты, атап айтқанда, қарлы боранның салдарынан бақташылар жылқыларын жоғалтып алғандығы белгілі болды.

Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дереу құтқарушылар мен техника жіберілді.

Құтқарушылар мұздың арасынан қайықпен жол ашып, жылқыларды қауіпсіз жерге айдап апарған, осылайша 100-ге жуық жылқыны қатып қалудан және суға батып кетуден аман алып қалған.

Басында жануарлар көмекке келген құтқарушылардан үрейленіп қаша бастаған, кейінірек мұздан ойылған жолмен жүріп құрғақ жерге шығарылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.