Ақмола облысы

Оқушылар арасында экологиялық мәдениет қалай қалыптасады?

Ақмола облысында «Өскелең ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» атты республикалық тренинг өтті, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Іс-шара Талқара кентіндегі жазғы лагерьде ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға қызығушылығы мен қамқорлығын арттыру.

Сарапшылардың пікірінше, экологиялық мәселелерді шешу үшін экологиялық ой-өрісті дамыту өте маңызды.

Республикалық іс-шараға лагерь жетекшілері, мұғалімдер, тәжірибелі әдіскерлер, 160-тан аса оқушы қатысты.

Мұнда балалар қызықты әрі танымдық тапсырмаларды орындап, экологиялық мәселелерді шешуге арналған логикалық есептерді шешті.

Сондай-ақ тренинг барысында «Өскелең ұрпақ арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру» атты оқушыларға арналған әдістемелік оқу құралының тұсаукесері өтті.

Қазақстан экологиялық қоры әдістемелік оқу құралын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантының аясында дайындаған.

Оқу құралы оқушылардың мектеп бағдарламасынан тыс білім алуына бағытталған. Әдістемелік құрал жалпы орта білім беретін мекемелердегі білім берудің заманауи талаптарын ескере отырып құрастырылды.

Әдістемелік оқу құралы әсіресе 12-15 жастағы  оқушыларға – пайдалы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.