Алматы қаласыҚылмыс/Оқиға

Шарын шатқалына саяхатқа шыққандарға жаза қолданылуы мүмкін

5
(1)

Шарын шатқалына сел кезінде саяхатқа шыққан нөмірі 199-шы мектеп әкімшілігі – жауапкершілікке тартылуы мүмкін.  Алматы қалалық білім басқармасы осылай деп мәлімдеді. Қазір білім беру басқармасы оқиғаға қатысы тексеруді бастаған. Оқушылардың шатқалға қандай себеппен барғаны анықталатын болады. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

   Мектепке қазір мониторинг жүргізіп жатыр. Осы мониторингтің шыққан шешіміміне сәйкес осы нөмірі 199 мектебінің әкімшілігіне мүмкін қандай да бір жауапты қызметкерлерге әкімшілік жаза қолданылатын болады. Ол жерде қандай құжаттың негізінде балалар кетті, неге кетті, қандай тапсырма болды соны көреміз. Еске сала кетейік, Шарын шатқалында сенбі күні қайғылы жағдай  болды. Ауа-райының күрт құбылуынан сел жүріп, осының салдарынан 2 адам қаза тапты. Көз жұмғандар нөмірі 199-шы мектептің мұғалімі мен оқушысы. Апаттан зардап шеккен тағы жеті адам ауруханаға жатқызылған. Төтенше жағдайдан соң бір күннен кейін табылған 11 жастағы оқушы қыздың  жағдайын дәрігерлер тұрақты деп отыр , дейді Нұргүл ТАУҚЫЗЫ, Алматы қаласы Білім басқармасының бөлім басшысы.

Бүгінгі таңда баланың жағдайы бірқалыпты емін жалғастырып жатыр. Келгендегі диагнозы жабық ми жарақаты. Мидың шайқалуы. Жеті-он күн аралығында ем қабылдайды.   Шарын шатқалында лай-сел көшкіні жүретіндігі туралы неліктен алдын ала ескерту жасалмады деген сұраққа бүгін Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы жауап берді. Айтуынша, ол ауданда «Қазселденқорғау» мекемесінің бөлімшесі жоқ. Сондай-ақ, «Қазгидрометтен» Алматы қаласы және Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменттеріне қандай да бір сел жүретіндігі туралы дауылды ескерту болмаған, дейді Алуа ЖЕКСЕНОВА, Алматы қ. Балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button