Алматы қаласыҚылмыс/Оқиға

Алматы тұрғыны 7 жыл бойы Өзбекстаннан келген қызды құлдықта ұстап, зорлаған

3.9
(16)

Жеті жыл бойы құлдық қамытын киіп келген келіншек әділдік таппай жүр. 11 жасында зорланғанын айтып, тартқан азабының айтып тауыса алар емес. Ол өзін азаптағандардың Заң алдында жазалануын талап етеді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Astana TV-ға сілтеме жасап.

Алматылық Рада бар-жоғы 18 жаста. Ол өміріндегі соңғы 6 жылын тозаққа теңейді. Айтуынша ес біле сала, құлдық қамытын киген. 11 жасында анасы мен әжесіне еріп, Өзбекстаннан қоныс аударыпты. Содан бері көрмеген қорлығым қалмады деп еске алады.

Рада, жәбірленуші

Әжем сол үйдің тазалығына, ал мен 15-20 шақты алабай итке тамақ берумен айналыстым. Сөйтіп жүргенде сол үйдің ұлы – бізді үйіне ертіп барған баласы мені зорлады, ұрып-соқты. Мұрнымды сындырды. Күнде қорлық көрдім, 14 жасымда мен жүкті болып қалдым.

Жігіттің әке-шешесі бұлт жайтты полиция естімеу үшін барын салған көрінеді. Әжесін туыстарының үйіне жіберіп, ал өзіне сес көрсеткенін айтты. Құжатсыз болғандықтан, отбасы мүшелері үйде босандырып алды деп отыр. Екі жылдан кейін екінші нәрестесін дүниеге әкелген. Бірақ шақалақ 3 айдан кейін шетінеп кетіпті. Тек былтыр ғана үйде ешкім жоғын пайдаланып, отбасынан қашып шыққан. Қаладағы көлік жуу орталығына жұмысқа орналасыпты. Ондағылар оның аянышты тағдырын естіп, қоғамдық қорға жүгінуге кеңес берген.

Алмат МҰХАМЕДЖАНОВ, қоғамдық қордың директоры:

Жылдың басында Рада біздің қордан көмек сұрап хабарласты. Ол өзін құлдықта ұстаған отбасынан 4 жастағы қызын алып шығып, әрең қашып шыққанын,бірақ қорқынышпен жүргенін айтты. Бұл жерде оны зорлап-қорлаған жігіт қана емес, оның ата-анасы да әділ жазалануы тиіс. Қоғамдық қордың демеуімен, Рада құқық қорғау органдарына арыз жазды. Күдікті қазір қамауға алынған. Облыстық полиция департаменті оған қатысты тергеуді бастап кетті.

Ақбота ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Отыз бір жастағы күдікті қазір қамауда. Қылмыстық іс ҚР-нің Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің 300-бабы тәртібінде зерделеу және одан ары сотқа жолдану үшін прокуратураға жолданды. Қазір Рада қызымен бірге көлік жуу орталығында тұрып жатыр. Жергілікті атқамінерлер оның 4 жастағы қызына туу туралы куәлік жасап берген.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.9 / 5. Бағалар саны: 16

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button