Алматы қаласыҚұқық

4,5 миллион доллар парамен ұсталған алматылық сот төрайымы желіде қызу талқыға түсті

5
(3)

Алматы қаласының соты ұсталған судьядан аса ірі көлемде қаржат тәрікіленді деген ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманованы тінту кезінде төмендегідей ақша табылды деген ақпарат тарады. Оған сәйкес: Кабинетінен 4 500 доллар, үйін тінту барысында 2 800 000 доллар, жеке көлігінен 600 000 доллар, застройщиктен – 1 180 000 доллар пара алған деген ақпарат желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Судьяның кеңсесінен 10 000 доллар тәркіленді, үйінен ештеңе тәркіленбегенін хабарлаймыз»,- деп атап өтті Алматы қалалық сотынан.

Судьяның өкілеттігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының бұйрығымен тоқтатылды. Алматы қалалық соты жалған ақпарат таратумен айналысқан адамдарды жауапқа тарту туралы Алматы қаласының прокуратурасына арыз түсірді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button