Алматы қаласыҚылмыс/Оқиға

Айқайлап, әйелін шығаруды талап еткен: Алматыда полицей аналар үйін бір күннен астам уақыт қоршауда ұстаған

3
(2)

Алматыда “Arasha” тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге арналған бейімдеу орталығын келіншектердің бірінің полицей күйеуі бір күн бойы қоршауда ұстаған.

Орталық қызметкерлерінің сөзінше, алғашында мекемеге үсті-басы көгерген Шамсия есімді әйел баласымен бірге көмек сұрап келген. Артынша оны қуып, полицей күйеуі жетіп, достарын да ертіп әкелген. Ол әйелін ғимараттан шығаруды талап еткен.

Бетіне қатты зақым келіпті, қан ағып тұрғанын байқадым. Киімдерінің барлығы қан болды”, – дейді Arasha бейімдеу орталығының мейірбикесі Сарыгүл Ержігітова.

Мекеме жұмыскерлерінің сөзінше, бас сауғалаған әйел күйеуінен таяқ жеп келген. Екі-үш ай сайын осындай орталықтарды пана етіп жүрген. Оның сөзінше, күйеуі – полицей. Сондықтан құқық қорғаушыларға арыз жазуға батылы бармапты.

2019 жылы түнгі сағат 3-те хабарласып, жылады. “Көмектесіңіздерші, сіздер келмесеңіздер, қазір көліктің астына түсіп өлемін. Қазір барар жерім, басар тауым жоқ, қолымда тоғыз айлық балам бар. Мен сәбиімді алып үйден қашып кеттім” деп айтты. Біз мұндай әйелдерге қалай көмектеспейміз? Оны біздің орталыққа қабылдадық, енді міне осындай жағдай орын алды”, – деді №1 аналар үйінің координаторы Майра Тұрсынбаева.

Әйел орталыққа көшіп келген осң, оның қайда екенін күйеуі екінші күні біліп қойған. Ертесі достарымен келіп, орталықты қоршауға алыпты. Айқайлап, әйелін шығаруды талап еткен. Сол себепті ұйымның директоры БАҚ өкілдерінен көмек сұрауға мәжбүр болыпты. Бірақ біраз күннен соң, әйел үйіне қайта оралыпты. Көп ұзамай ерлі-зайыптылар орталыққа келіп, БАҚ-та жарияланған мақаланы өшіруді сұраған. Әйткенмен, әйел өзіме пышақ сұғамын деп қорқытыпты. Бұған қоса, келіншек видеоүндеу түсіріп, ПД-ге күйеуін жазаламауды өтінген.

Мүмкін, оны бопсалаған шығар. Бәлкім, ұзақ жылдар бойы оны қатты ұрып-соққандықтан психикасына зақым келген. Күйеуі жәбірленушінің басынан үнемі ұрып жүрген”, – дейді Arasha аналар үйінің директоры Маргарита Ускембаева.

Оның айтуынша, мекеме орналасқан орынның мекенжайы бірнеше рет өзгертілген. Десек те мұннда әйелдері бар ер азаматтар аналар үйін іздеп тауып алады. Қазір орталықты кішкентай балалары бар үш әйел пана етіп отыр. Олардың күйеулері де құқық қорғау органдарында жұмыс атқаратын көрінеді. Ал Алматы ПД өкілдері қазір бұл оқиға бойынша іс қозғалғанын айтады. Егер кінәлілер анықталса, олар жауапкершілікке тартылады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button