Алматы қаласыҚылмыс/Оқиға

Алматыда атыс шығарған ер адамның азаматтығы анықталды

2.7
(3)

Алматы полициясы «Бұхар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде атыс шығарған ер адамның азаматтығын атады, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметі бойынша, күзетшіні атып, кейін 6 сағаттан аса уақыт бойы пәтерінде жасырынып отырған 1963 жылы туған ер адам Ресей азаматы болған.

«Оқ-дәрілері бар қарудың күдіктіге тиістілігі тергеу барысында анықталады», – деді полиция өкілі.

Еске салсақ, 24 сәуірде күндіз Бұқар жырау бульварындағы «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде ер адам (сол пәтерде тұруы мүмкін) мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқаны хабарланған еді. Желіде оқиғаның видеосы жарияланған болатын. Артынша оқ атқан ер адам терезені сындырып, секіріп кетті.

Арнайы операция аяқталғанға дейін ҚР ҚК-ның 293-бабы «Бұзақылық» бойынша іс қозғалған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button