Алматы қаласыҚылмыс/Оқиға

«Алматы-2» вокзалының қасбеті құлап, төсекке таңылған жігітке өтемақы төлемеген

0
(0)

 

«Алматы-2» теміржол вокзалында қасбет құлап астында қалған жігіт мүгедек болып қалды. Бір жылдан бері төсек тартып жатыр. Науқасы жанына батқаны соншалық бірнеше рет өзіне қол салмақ болған. Ал теміржол вокзалының басшылары бір тиын да өтемақы төлемеген. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мынау екінші вокзалдың стенасы құлады. Астында бір кісі қалып қойыпты. Дворник аға. Жағдайы өте нашар сияқты».

«Алматы-2» вокзалының мәрмардан жасалған қасбетінің бір бөлігі опырылып құлап, сол жерде тұрған Ерболатты басып қалған. Салдарынан үш бел омыртқасы, сегіз қабырғасы, екі аяғы сынып, бас-ми жарақатын алған. Ауруханада бірнеше ота жасалып, үш айдай жатқан. Сол уақыттан бері ауыр сырқаты жанына батып,  түнде ұйықтаудан қалыпты.

Жұлынына зақым келгендіктен белінен төмен жан кеткен. Екі аяғы сал болып қалған. Өзгенің көмегінсіз орнынан да қозғала алмайды. Науқасы жанына батқандықтан ауырсынуды басатын дәрі салып келіпті. Қазір ол дәрі де көмектеспейтін болған.

 Ерболат МЭЛС, зардап шегуші:

Қабырғам, омыртқам, қабырғаларым ұйықтатпайды. Түнімен ауырам. Түнімен ұйықтай алмаймын. Сексен келі тартатын едім, қазір 30 келі тартамын. Вокзалдың ешқандай көмегі жоқ».

Ерболатқа анасы қарап отыр. Үсті-басын тазалап, тамағына дейін береді. Баласы мен өзінің зейнетақысы дәрі-дәрмектен артылмайды екен. Ал теміржол вокзалының басшылығы тарапынан ешқандай көмек болмапты. Қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама денсаулығына аса ауыз залал келген деген қортынды шығарыпты. Бірақ, кінәлі тұлға анықталмаған. Туыстары шетелдік, отандық дәрігерлерге қаратуға қаражаттан қиналып отырғанын айтады.

«Алматы-2″ вокзалының бүлінген жерін қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлінген. Қазір қасбетінің жымын білдірмей қалпына келтіріп қойған.

Оқыс оқиға өткен жылы қаңтар айында орын алған. Мына вокзалдың қасбетінің жоғарғы бөлігі опырылып, астында шылым шегіп тұрған Ерболат Мэлсті басып қалған. Осы оқиғадан кейін қалалық әкімдік вокзалдың қасбетін беріктендіруге 40 миллион теңге бөліпті. Ал вокзал әкімшілігі жәбірленушіге бір тиын да төлемеген».

Алматы электрокөлік мекемесінің басшылығы шығындарды тек сот арқылы ғана өтеп береміз деп отыр.

Айдос МҰСАНОВ, «Алматы электротранс» компаниясының бас маманы

Қазір осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Сол себепті ешқандай ақпаратты барлығына айта алмаймыз. Және де зардап шеккен адамдарға ескертіп айтқанбыз. Егер сізге қандай да көмек керек болса, азаматтық сотқа шағымдана аласыз деп. Себебі, біз мемлекеттің қарамағындағы компания болғандықтан біз өз еркімізбен ештеме шеше алмаймыз».

Бір тиын да өтемақы ала алмаған зардап шегушінің туыстары азаматтық сотқа жүгінген. Енді Ерболат сот оң шешім шығарып береді деген үмітте.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button