Алматы қаласыҚоғам

Алматыда тұрақты тұрмайтын адамдар қаладан кетуі керек деген ақпарат шындық па?

0
(0)

Қазақстандықтар мессенджерлерде 22 наурызда пойыздар мен ұшақтардың қозғалысы уақытша тоқтатылатыны туралы хабарламалар таратуда. Сондай-ақ, онда Алматыда тұрақты тұрмайтын адамдар қаладан кетуі керек делінген. Бұл ақпараттың қазіргі жағдайға қатысы жоқ, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Stopfake сайтына сілтеме жасап.

Шын мәнінде, бұл – Qazaqstan телеарнасының жаңалықтарынан алынған үзінді. Ол эфирге бір жыл бұрын – 2020 жылғы 18 наурызда шыққан. Онда сол күні болған оқиғалар, оның ішінде коронавирустың елде таралуына байланысты сол кезде енгізілген шектеулер мен қауіпсіздік шаралары туралы айтылады.

Бұл шығарылым толығымен «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ресми сайтында мұрағатта сақталған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button