Алматы қаласы

Сұмдық! Алматыдағы атыстан бес адам көз жұмды

5 адам, соның ішінде екі полиция қызметкері жарақаттанып көз жұмды.

Ақбұлақ шағын ауданында атыс болғаны туралы хабарлама әлеуметтік желілерде пайда болды деп жазады newsroom.kz порталы aikyn.kz сілтеме жасап.

Алматыдағы жекеменшік тұрғын үйден тұрғындарды мәжбүрлеп көшіру кезінде атыс болды, 5 адам қайтыс болды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Алдымен Ақбұлақ шағын ауданында атыс болғаны туралы хабарлама әлеуметтік желілерде пайда болды.

«Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданында 17.00-де атыс болды. Үйден көшіріп шығару кезінде 1978 жылғы осы үйдің тұрғыны жанжал шығарып, атыс қаруынан сот орындаушыларды, учаскелік полиция инспекторларын,  ТЖД қызметкерлеріне оқ атты», – делінген хабарламада.

5 адам, соның ішінде екі полиция қызметкері жарақаттанып көз жұмды.

«Күдікті залалсыздандырылды және ұсталды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады полициядан.

Қаза тапқан полиция қызметкерлері: Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбайұлы 1982 жылы туған. Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы 1988 жылы туған.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.8 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.