Арақ-шарапты қолдан дайындаған Алматы тұрғыны ұсталды

 237 

Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2020 жылғы қаңтар айының басында «Қалқаман-2» шағынауданында арақ-шарап өнімін қолдан дайындаған Алматы қаласы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеу жұмысын аяқтады.

Алматы қаласының тұрғыны арақ-шарап өнімін қолдан дайындаған, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына  сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері 2020 жылғы қаңтар айының басында «Қалқаман-2» шағынауданында арақ-шарап өнімін қолдан дайындаған Алматы қаласы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеу жұмысын аяқтады.

Жалған есепке алу-бақылау маркасы жапсырылған 0,5 литрлік 1 040 бөтелке дайын «Қазақстан» коньягі, 525 қолданылмаған есепке алу-бақылау маркасы, 2 канистр спирт, бос бөтелке, қақпақ, алкоголь өнімін дайындап, құюға және қақпақтарды өңдеуге арналған аппарат тәркіленді.

«Соттың үкімі бойынша айыпталушы Қылмыстық кодекстің 233-бабының 2-бөліміне сәйкес (Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану ) кінәлі деп танылып, оған 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартумен пробациялық бақылау орната отырып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Бөлісу:


Және де: