Алматы қаласыҚылмыс/Оқиға
Fly Arystan компаниясының ұшағы Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды
Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонуға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі «Алматы» телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, ұшақтың шұғыл түрде қонуына ауа райының қолайсыздығы себеп болған.
«19.02.2021 сағат 08:55-те Нұр-Сұлтан-Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45-ке ауыстырылды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Компания мәліметінше, ұшақ Алматы әуежайына қауіпсіз қонған. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылар зардап шеккен жоқ. Алайда жолаушылардың сөзінше, ұшақ үшінші реттен ғана Алматыға қонған.