Алматы қаласы

Қызық екен: Алматыда кибер-полицейлер пайда болды

5
(2)

Қашықта отырып-ақ қылмыс жасайтындар көбейді. Ғаламтордың күшімен онлайн режимде жұртты сан соқтыратындармен күресу үшін Алматы академиясында кибер полицейлерді даярлау қарқынды жүруде.

Тіпті, еліміздің барлық өңірінде дәл осы қызметке тағайындалатын мамандардың өзі арнайы курстан өтуі қажет. Қоғамдық тәртіпті ғана күзетіп қоймай, көпшілікті алдап кеткендерді құрықтауға тырысып жатқан онлайн сақшылар туралы  “Еуразия” бірінші арнасы хабарлайды деп жазады newsroom.kz порталы.

«Азаматтық қоғам алдында ашық болуға тиіспіз» деген ішкі істер органдары қазір күрделі реформа жүргізуде. Оның ең әуелгісі – білікті мамандар жасақтау. Қазір осы бағыт бойынша бірталай жұмыс атқарылуда. Мәселен, қоғам тәртібін күзетушілер арнайы курстан өтіп, қолдарына сертификат алуы қажет. Ондай болмаған жағдайда өзге қызметке еркін ауыса алмайды. Сонымен қатар цифрландыру жүйесіне өтіп, мәселелерді жеңілдетудің жолдарын қарастырып отыр.

АЙДАР САЙТБЕКОВ, ҚР ІІМ М.ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ  АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Халыққа ашық болу және біз мынау цифрландырып жатырмыз бүкіл біздің ішкі істер органдарын. Барлығы осы реформаға байланысты болады.  Егер осының барлығын біз ескеріп, енгізсек, институттардың барлығы бірге жұмыс істесе бүкіл елімізде қылмыстың саны азайып, қоғамның барлығы бұзушылық болмайды деп сенім білдіремін».

Жас мамандарды дайындау барысында Алматы академиясының орны ерекше. Өйткені, түлектерден бастап, жоғарғы лауазымды қызметкерлерге дейін осында арнайы дәріс беріп, білімін жетілдіруіне мүмкіндік алған. Мұнда кибер қылмысқа қарсы кафедра ашылып, ITмамандығы бойынша құзырлы орган өкілдеріне курстар өтуде. Мұндағы мамандарды карантин кезінде ғаламтор арқылы алаяқтықтың көбейпі кеткені алаңдатуда.

ДИНАРА ТІЛЕУХАНОВА, ҚР ІІМ М.ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ КИБЕР ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫ ӘДІСКЕРІ, ПОЛИЦИЯ МАЙОРЫ: » Пандемия кезінде интернет арқылы түрлі сауда, т.б. шаралар атқарылуына байланысты интернет алаяқтарының қызметтері кең белес алуда. Және де кейбір қылмыстардың ерекшелігі бұл тек қана бір мемлекеттің шегімен шектелмейді. Мысалы, алаяқтықпен айналысатын қылмыскерлер басқа елде отырып та, яғни, компьютер, интернет желісін пайдалану арқылы өздерінің қаскөйлік мақсаттарын жүзеге асырып отыр».

Қоғамның тыныштығын күзеткен қызметкерлер халыққа жақын болу үшін қазір реформа бойынша барлық жұмыстар тыңғылықты атқарылып жатқанны жеткізді. Мұнда келіп, білімінжетілдірушілер тек қана дәріс алып қана қоймай, спорттық тұрғыдан да өздерін шыңдай түседі. Өйткені, қауіппен бетпе-бет келгенде ақылды шешім қабылдап әрекетке көшу бұлқызметтегілердің басты  мақсаты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button