Алматы қаласы

Алматыда сақтандырылған тұрғындар 68,9 млрд теңгенің медициналық қызметін пайдаланды

0
(0)

Осы жылдың 10 айында Алматы тұрғындарына 68,9 млрд теңгенің медициналық қызметі көрсетілген. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан президенті биылғы Жолдауында медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру қажеттігін баса айтты. Қор мәліметінше, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгелі бері Алматы қаласында медициналық қызмет түрлерінің қолжетімділігі едәуір артқан.

Филиал директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қазір жоспарлы көмектің дені МӘМС жүйесі арқылы көрсетіледі. Оған 2021 жылы азаматтар тұтынған медициналық қызметтердің көлемі дәлел бола алады.

Мәселен, қаңтар мен қазан аралығындағы шығындардың басым бөлігі – 36,7 млрд теңге – стационарлар арқылы көрсетілген медкөмекке жұмсалған.

10 айдың нәтижесі халыққа көрсетілген медициналық қызмет көлемінің артқанын  көрсетіп отыр. Оның ішінде халықтың қалтасы көтере бермейтін анализдер, операциялар мен диагностикалық қызметтер басымдыққа ие.

«Тағы 9,9 млрд теңге консультативтік-диагностикалық көмек көрсеткен медицина ұйымдарына төленген. Соның ішінде, компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға деген сұраныс жоғары күйінде қалып отыр. Мысалы, осы жылдың 10 айында Алматы қаласында 713,1 млн теңгеге 62 207 компьютерлік томография, 45 071 МРТ жасалған. Оған 605 млн теңге төленді», – деді филиал басшысы.

Сонымен қатар, Қор оңтүстік астаналықтар пайдаланған жоғары технологиялық қызметтер үшін 11,5 млрд теңге, күндізгі стационар қызметіне 3,1 млрд теңгеге жуық қаражат бөлді.

Сақтандырылған тұрғындар реабилитация сынды бағасы қымбат қызмет түрлерін де белсенді пайдаланып келеді. Алматы қаласы бойынша 2021 жылы медициналық оңалтуға 7,2 млрд теңге бөлінді. Жылдың 10 айында алматылықтар 4,9 млрд теңгенің оңалту қызметін пайдаланған.

Филиал директорының айтуына қарағанда, сақтандыру енгізілгелі бері медқызмет саны артып қана қоймай, белгілі бір сырқаттар бойынша берілетін дәрі-дәрмек тізімі де кеңейген. Атап айтқанда, осы жылдың 11 айында алматылықтар 21,7 млрд теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілген.

Қазіргі таңда тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) арқылы аурудың 47 түрі бойынша дәрі беріледі. Ал, МӘМС пакеті арқылы ересектер 27 түрлі, балалар 52 түрлі нозология бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button