Алматы қаласы

Алматыда лифт батырмаларына әдейі түкіріп кеткен ер адам өз әрекетін түсіндірді

0
(0)

Алматыда лифт батырмаларына әдейі түкіріп кеткен ер адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Kznwes ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Бұзақының бұл әрекеті “Алатау сити” тұрғын үйіндегі лифтіде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полиция оның кім екенін анықтады.
«Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істің материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді”, – деді Алатау аудандық полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.
Ер адам бұл ісіне өкініп, халықтан кешірім сұрады.
«Ашулы күйде лифт түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты барлығынан, соның ішінде тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын”, – деді А. есімді тұрғын.
Айта кетсек, лифтінің ішінде ер адам батырмаларға әдейі түкіріп кеткен видео әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Олар тәртіп бұзушыны қатаң жазалауды талап етті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close