Алматы қаласы

Алматыда ер адам қызы мен күйеу баласын атып өлтірді

0
(0)

Алматыда ер адам күйеу баласы мен қызын мылтықпен атып өлтірді,- деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Түрксіб ауданында 8 маусымда болған.

«Сейфуллин даңғылындағы үйлердің бірінде 1951 жылы туған жергілікті тұрғын отбасылық жанжал салдарынан тегіс ұңғылы мылтықпен 1987 жылы туған күйеу баласын және 1979 жылы туған қызын атып, содан кейін өз-өзіне қол жұмсады», – деді полицияда.

Қазіргі уақытта қылмыс орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр Алдын ала мәліметтер бойынша, қару оқ атушының атына тіркелген. Қайғылы оқиғаның басқа жағдайлары анықталады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close