Алматы қаласыҚылмыс/Оқиға

Тұмсығынан қан аралас көбік аққан: Алматыда кептерлерді қырған кім?

4.4
(17)

Алматы тұрғындарын көшеде шашылып жатқан құстардың өлексесі шошытты. Кептерлердің жаппай қырылуына не себеп болғаны белгісіз, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Арықтар да көгершіндердің өлексесіне толып қалған. Тіпті балалар ойын алаңында да шашылып жатыр. Бәрінің де тұмсығынан қан аралас көбік аққан. Тұрғындар құстарға әлдебіреулердің қасақана у бергеніне сенімді. Себебі, бірер күн бұрын кептерлерге бола өзара жанжалдасып қалған. Біреуі маңайды ластады деп, кеміргіштерге қарсы дәрімен көзін құртқысы келсе, басқалары үзілді-кесілді қарсы шыққан. Қалай болғанда да көгершіндердің не себепті қырылғаны белгісіз. Удан сескенген жұрт енді санитар дәрігерлерден дереу сынама алуды сұрап отыр.

  Анастасия Мигунова

Құстарды әдейі улаған. Тышқанға қарсы дәрі шашқан. Бұл кісі қолынан жем алып үйренген көгершіндер. Ешкімге зияны жоқ еді. Бұл арада бала ойнайды. Олар да уланып қалуы мүмкін. Полицияға шағымдандым. Бірақ олар арызымды қабылдамады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.4 / 5. Бағалар саны: 17

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button