Алматы қаласы

Мүмкіндік! Шағын грант алу үшін не істеу керек?

«Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның гранттық қаржыландыруы негізінде «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасыаясында әскери-патриоттық клубтар мен ұйымдар үшін шағын гранттар конкурсы басталды. 

Бұл туралы tarazy.kz сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.

Бұл шараның мақсаты әскери-патриоттық бағытта жұмыс жасайтын клубтар мен үкіметтік емес ұйымдарға мектептер мен колледждер базасында өз жұмыстарын ұйымдастыруға  қолдау көрсету.

Шағын гранттар байқауына қатысуға Қазақстан Республикасында әрекет ететін әскери-патриоттық клубтар мен үкіметтік емес ұйымдарға рұқсат етіледі және әскери-патриоттық клуб атынан өтінім берген жағдайда, топ жетекшісінің жасы 18 жастан жоғары болуы тиіс. Топтың қалған мүшелерінің жасы 14 жастан жоғары болуы қажет. Байқауға қатысуға өтінімді тікелей топ жетекшісі топтың барлық мүшелерін көрсету арқылы тапсыруы тиіс. Шағын грант 10 ұйымға 400 мың теңге көлемінде беру жоспарланған.

Жобалар «Әскери-патриоттық керуен» іс-шаралар кешені, әскери мамандардың, әскери қызметкерлердің беделін артыру бойынша іс-шаралар, жастарды әскерге тарту бойынша іс-шаралар кешені және елімізде қызмет етіп жатқан әскери клубтар мен үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық қолдау көрсету бағыттары бойынша қабылданады.

Сонымен қатар, жобалар әскери-патриоттық тәрбие бағытындағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды қолдауға бағытталған болуы тиіс. Тапсырылатын бастама әскери-патриоттық тәрбие, әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы хабардар болу деңгейін арттыру, әскери қызметтің беделін көтеру, патриоттық және Отанға деген сүйіспеншілік рухын тәрбиелеу мақсатында әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктерді танымал ету бағыттарына сай болуы тиіс.

Байқау туралы толық ақпарат  «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары (Instagram: @qsa_almaty, @jastar.online;  Facebook: @qsa_almaty; Telegram: jastar.online) арқыл алуға болады. Сонымен қатар, шағын грант туралы хабарлама республикалық жастар ұйымдары, жергілікті атқарушы органдар және т.б. ақпарат көздері арқылы таратылатын болады. Байқауға қатысу үшін өтінім беруші жобалық өтінімдерді 2022 жылғы 14 маусымы күні Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін shagyn_grant@mail.ru электронды почтасына жіберуі қажет. Толық ақпаратты мына жерден ала аласыз?

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.