Алматы қаласы

Сағынтаевтың тапсырмасымен Алматыда Қоғамдық медициналық кеңес құрылды

0
(0)

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын орындау аясында, сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов белгілеген медициналық қауымдастықпен өзара әрекеттестік жүйесін құру жөніндегі нұсқауына сәйкес шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаровтың басшылығымен Алматы қаласының Қоғамдық медициналық кеңесі құрылды (АҚМК).
Кеңестің құрамына медициналық қауымдастықтардың шамамен 140 жетекші профильді сарапшылары мен өкілдері енді. Олардың қатарында азаматтық белсенді, «АГжПҒО» АҚ тәуелсіз директоры Аида Әлжанова, ТРИЗ-фасилитатор, халықаралық аккредитацияланған медиатор Ирина Виговская, «Алматы клиникалары қауымдастығы» ЖКжЗТБ атқарушы директоры Расул Дүйсенов, Қазақстандық репродкутивті медицина қауымдастығының президенті, жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер Вячеслав Локшин, А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Болатбек Баймаханов, сонымен бірге, республикалық медициналық орталықтардың, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың, медициналық университеттердің, қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің өкілдері бар.

Кеңестің міндеті – ағымдағы жағдайға талдау жасай отырып, Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша шараларды жасап шығару. Кеңес құрылымында келесідей бағыттар бойынша үш жұмыс тобы құрылған: дәрігерлердің вирусты жұқтыруын болдырмау, қазіргі шынайы жағдайдағы медицина ұйымдарының жұмысы, Алматы қаласында денсаулық сақтау жүйесінің посткризистік даму стратегиясы.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, алдағы (болашақтағы) дағдарысқа дайындықты қамтамасыз етуде денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртып, қойылған міндеттердің басымдығын қайта қарау үшін жаңа бастамаларды қолға алуымыз керек. Қоғамдық медициналық кеңестің мақсаты – Алматы қаласы денсаулық сақтау жүйеісінің посткризистік дамуы үшін қажетті шаралар пакетін жасап шығару. Жаңа тәсілдер медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге, қалалық медициналық қоғамдастықтың азаматтардың денсаулығына қатысты жағдайларда тез әрекет етуге,сонымен бірге, әлдеқайда кең тарайтын ауру түрлеріне қарай бағытталатын болады», – деп атап өтті Е.Бабақұмаров.

Кездесу барысында медицина қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінен қорғау тәсілдері қарастырылды. Жекелей алғанда, медицина қызметкерлерінің жеке қорғаныш құралдары сапалы тесттермен қамтылуын және коронавирусты тексеруде зертханалық зерттеулерді жақсарту жайы да сөз болды.
Кеңес мүшелері тарапынан мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмыс тиімділігін арттыру, жұмыс барысын жетілдіру, медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыру, халықпен және қаланың ішкі медициналық қоғамдастықтарымен байланысты жақсарту, сондай-ақ, отандық медицинаға деген халықтың сенімін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.
«Бүгінгі таңда медициналық қызметкерлері стресті жағдайда және оларға артылған жүк ауыр болып отыр. Сол себепті медицина мекемелерінің барлық қызметкерлеріне арнап қашықтықтан стреске қарсы бағдарлама жасау ұсынысы бар. Бұл салада бізде айтуы мамандарымыз да бар», – деді ТРИЗ-фасилитатор, халықаралық аккредитацияланған медиатор Ирина Виговская.
​«Алматы клиникалары қауымдастығы» ЖКжЗТБ атқарушы директоры Расул Дүйсенов медицина қызметкерлерінің вирус жұқтыру жағдайын талдауға жіті назар аударды. Бұл еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жаңа әдістерді жасауда, сонымен бірге дәрігерлер арасында жаңадан жұқтыру жағдайын болдырмау үшін керек.
​Өз кезегінде азаматтық белсенді Аида Әлжанова бұл бастаманың Кеңес құрамындағы әрбір мүшенің осы іске белсенді қатысуын қажет ететін, дұрыс ұжымдық шешім қабылдауға ұйытқы болатын фасилитация технологиясын қолдана отырып жасалатын жаңа жұмыс форматы екендігін атап өтті. Барлық ұсыныстар жүйеге келтіріліп, егжей-тегжейлі түрде тексеріледі. Олардың негізінде қаланың медициналық ұйымдарына арнап дағдарыс кезінде және одан кейінгі кезең үшін стратегия құрылмақ.
Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Кеңестің институттандырылатынын және оның тек коронавирус инфекциясымен күресу шараларын жүргізумен ғана емес, карантин аяқталғаннан кейін де жұмысын жалғастыратынын атап өтті.
​«Қоғамдық кеңес медициналық қоғамдастықпен диалог құрудың ықпалды тетігіне айналады. Кеңестің қатысуымен тәжірибеде жүзеге асыруға ұсынылатын қорытынды құжаттар жасалады», – деп атап өтті Е.Бабақұмаров.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close