Алматы қаласыҒылым

Қазақстандық оқушы халықаралық деңгейдегі олимпиадада топ жарды

1
(1)

Алматы қаласындағы “Білім-инновация” мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай The Math League – Халықаралық математика лигасында 1-ші орын иеленді. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Almaty.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олимпиадаға әлем бойынша 16835 талапкер қатысқан. Екінші кезеңге оның 5672 ,ал үшінші кезеңге үздік 629 оқушы өткен. Нұрасыл Бейсенбай ең мықты бестіктің ішінен бірінші орынға ие болды. Ол тапсырманы толық орындап, ең жоғары 100 балл алған.

Нұрасылдың әкесі Нұржан Әшірбеков баласын әлеуметтік желіде құттықтап, онымен мақтанатынын айтты.

“Мен сенің жеткен жетістіктеріңді көргенде, төбем көкке бір елі жетпей қалады. Мен сені мақтан етемін. Өзіңе сен, алдыңа мақсат қой және оған жетуде аянып қалма. Мақсатыңа жеткенде, өзіңе деген сенімділігің одан сайын арта түседі. Жаңа белесің құтты болсын, балам”, – деп жазды әкесі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button