Алматы қаласыҚоғам

Алматы тұрғындары дабыл қағуда: үйіміз түбінен қазылған шұңқырға құлап кетуі мүмкін

0
(0)

Кез  келген сәтте үйіміз шұңқырға құлауы мүмкін. Алматы тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Себебі үй жанындағы жерге белгісіз біреулер құрылыс бастаған. Мамандар мұның адамдар өміріне аса қауіпті екенін ескертуде. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алатау бөктерінен дау шықты. Мына тұрғын үй кешенінің төменгі жағынан белгісіз біреу он шақты метр тереңдікте шұңқыр қазып, тұрғын үй кешенінің құрылысын бастапты. Бұл жерде өте тік болғандықтан тұрғындар үйлері төмен қарай сырғып кете ма деп алаңдаулы. Себебі тау жынысын қазып алып тастағандар ешқандай беріктендіру жұмыстарын жүргізбеген.

Владимир СЕВЕРГИН, қала тұрғыны:
Құрылысшылар тау бөктерінің жартысын қазып алып тастады. Оның жоғарғы бөлігін енді ештеңе ұстап тұрған жоқ. Бұл жер сары топырақты болғандықтан сәл су сіңетін болса, төмен қарай сырғи бастайды. Қазір біздің үйіміз қыл үстінде тұр. Кез келген уақытта төмен қарай сырғып кетуі мүмкін».

Сәуле Әбілова отбасымен осында 2018 жылы көшіп келіпті. Тұрғын үй түзу жерге салынғанын айтады. Алайда айналасындағы жерлер тік болғандықтан онда құрылыс жүргізуге болмайды екен. Нөсерлеп жауған жаңбыр мәселені одан сайын ушықтырып жібере ме деп алаңдаулы. Құрылыс жұмыстары кезінде үйде сілкініс пайда болып, терезелері шытынаған кез болыпты.

Сәуле ӘБІЛОВА, қала тұрғыны

Біз сейсмикалық аумақта орналасқанбыз. Егер жер сілкініп ғимараттың әргетасы сөгілетін болса бір күнде үйінді астында қалуымыз мүмкін. Сондықтан біз бұл жерге құрылыс жұмыстарын жүргізуге жол бермейміз, себебі қауіпті»

Бұл жерге құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайтынын жер қатынастары мәселесімен айналысатын заңгер растап отыр. Жұмысты жүргізіп жатқандар әлі анықталмапты. Құқыққорғаушы құрылыс нормалары сақталмағанын айтады. Жұмысты бастамай тұрып, қазылған жерді бетонмен бекітуі тиіс екен.

Бақытжан БАЗАРБЕК, заңгер:
«Астында орналасқан құрылыс объектісі жердің беткі қабатын толығымен алып, үлкен катлованды соғып, Ол катлованды құрылыс нормаларына сай бетондап негіздеу керек. Нақтылау керек. Ол бетонды тікелей сваилармен қамту керек».

Тұрғындар шағымынан кейін бұл жерге қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері келген. Өкілетті орган мамандары бірқатар өрескел заң бұзушылықтар анықтапты. Құрылыс иесінің ешқандай рұқсат құжаттары болмаған.

Жоғарыда көрсетілген мекен жайлар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу туралы басқармаға ешқандай өтініш келіп түскен жоқ.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БЕРГЕН ЖАУАБЫНАН

Құрылыс жұмыстарын тек сот арқылы ғана тоқтатуға болады екен. Шағынды өкілетті мекеме беруі тиіс. Тұрғындар қазір заңсыз құрылыстың алдын алмаса , кейін оның салдарымен күресуге тура келеді деп отыр. Сондықтан олар қазір прокуратура мен жемқорлыққа қарсы агенттікке шағым түсірген. 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button