Алматы қаласыҚылмыс/Оқиға

Есікті аш деп айқайлай бастадым: Алматыда бір үйдің бес баласы қоғамдық моншада уланып қалды

5
(1)

Бес баланың әкесінің айтуынша, моншада балалардың басы айналып, жүрегі айныған, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттіг Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

«Олар төлемді 100 метр қашықтықтағы дүкенде қабылдайды. Содан кейін монша иесі бізді сыртымыздан жауып тастады. Бір сағат өтпей жатып – баламның басы айнала бастады. Содан кейін басқа балалар мен әйелім ауыра бастады, мен есікті аш деп айқайлай бастадым», – деді балалардың әкесі Мұса Қосмұратов.

«Алдымен қатты ыстық әсер етті ме деп ойладым, кейін бірнәрсенің дұрыс еместігін түсіндік. Бір кезде сол жерде қамалып өлеміз бе деп те ойладым», – деді әйелі Бақыт Қыдырбекова.

Айқайды естіген дүкеннің қызметкері жүгіріп келіп есікті ашқан. Балалардың кішісі 3жаста. Олар дереу ауруханаға жеткізілді. Балалардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғадан кейін төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына аттанды. Онда моншаның мұржасы дұрыс емес екендігі анықталды. Қазандықтың мұржасы мен желдеткіш істен шыққан болып шықты.

«Газбен жабдықтау туралы заңға сәйкес, үй иесі газ жабдықтарының жарамдылығы мен техникалық жағдайына жауапты, иесі өзі жауап береді», – деді газ тарату компаниясының өкілі Әсел Тұргымбаева.

Мамандар түсіндіргендей, монша бұрын тексеріліп, газ құрамын анықтайтын қондырғылар орнатуға нұсқау берілген. Бірақ құрылғы қандай да бір себептермен жұмыс істемей қалған.  Полицейлер балалардың улануына қатысты тергеуді бастап та кетті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button