Алматы облысы

Зауыттағы жарылыстың мән-жайы

Екеуінің жағдайы орташа ауыр, ал, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр

Талдықорғанда автокөлік шиналарын өңдеу зауытында резервуар жарылып, 3 адам зардап шекті. Оқыс оқиға түнгі сағат үштер шамасында болған.

Болжам бойынша, өңделген шиналарға арналған ваккумдық пролиздеу резервуары жарылған. Одан шыққан өрт жақын маңдағы ескі дөңгелектерді жалмап, 80 шаршы метр аумақты шарпыған.
Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап NewsRoom.kz. порталы хабарлайды.

«Өрт ошағы таңғы сағат 04.27-де оқушауландырылып, 04.49-да сөндірілді. Оқиға болған жерге төтенше жағдайлар департаментінің 9 техникасы мен 24 қызметкері барды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері, жедел жәрдем мен су және электр желілері қызметкерлері де сол жерде болды. Төтенше жағдайлар департаментінің болжамы бойынша, өрттің шығуына жұмыс аумағында технологиялық процестің дұрыс атқарылмауы себеп болған»,-дейді Алматы облыстық ТЖД бастығының орынбасары Игорь Жуков.

Жарылыстан зардап шеккен 3 адам бірден қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Екеуінің жағдайы орташа ауыр, ал, біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер қажетті ем-дом шараларын жүргізуде.

«Бүгін сағат 4-те 3 науқас қабылдау бөліміне түсті. Аса ауыр күйік жарақаттарымен. Ал, бір науқастың жағдайы ауыр. 93-95 пайыз күйік жарақатын алған. Қалған екі науқастың жағдайы орташа жағдайда. Бүгін консилиумнан соң, екі науқас отделенияға ауысады. Отделенияда және реанимацияда барлық ем шараларын жүргізіп жатыр. Науқастардың жағдайы бақылауда»,- дейді Көпсалалы аурухананың дәрігері Ілияс Бүйрекбаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.