Алматы облысыҚоғам

433 миллион теңгеге салынған жаңа мектеп құлайын деп тұр

0
(0)

433 миллион теңгеге салынған жаңа мектеп құлайын деп тұр. Әңгіме Алматы облысының Қаратал ауылындағы білім ордасы жайлы. 2014 жылы қолданысқа берілген ғимараттың 4 жыл өтпей жатып іргесі сөгіле бастаған. Спорт залдың едені ортасына түсіп, қабырғалар да қақыраған күйі қауіп төндіріп тұр. Оның үстіне құрылысты қабылдап алу кезінде жер сілкінісіне жарамдылығы жіті тексерілмепті.

Мына қорқынышты кадрлерге қарап, құдды бір 40 жылғы ғимарат па дерсің. Ал шынтуайтына келгенде бұл Алматы облысының Қаратал ауданында салынған жаңа мектеп. 2014 жылы қолданысқа берілген білім ордасының құрылысына 433 миллион теңге жұмсалыпты.

Ғалия МАҚЫПБЕКОВА, Қаратал орта мектебінің Директоры

Спорт залдың мәселесі 2018 жылдың сәуір айында басталды. Біраз толқындар болды. Одан кейін ол толқындар түсіп, асты суланып, шіріп жатқаны анықталды. 2020 жылдың желтоқсан айында шағын орталық бөлмелерінде жарықтар пайда бола бастады. 2021 жылдың қаңтар айында ол жарықтар тез арада ашылып, едені төмен түсіп кетті».

Мектептің қазіргі күйінен адам шошиды. Асхана, 100 балаға арналған бастауыш сыныптың кабинеттері, спортзал мен шағын орталықтың ойраны шыққан. Іргетасы шөгіп, қабырғалары қақырап, есік-терезелері қисайған халде. Тіпті ғимаратқа кірудің өзі қорқынышты.

Бір қызығы, мектепті қабылдап алған жауаптылар сол уақытта  құрылыс жұмыстарынан мін таппаған. Ал мердігер ұйым кепілдік мерзімі өтіп кеткендіктен қандай да бір жауапкершілік алудан бас тартып, кінәні жоба авторына жаба салған. Ал жобалаушы мемлекеттік сараптамаға сілтеп отыр. Қысқасы, біздегі тамырын тереңнен жайған сол баяғы система.

Әділет АЙТАҚОВ, Ескелді аудандық құрылыс бөлімінің Басшысы:

«Бірнеше мәрте аудандық құрылыс бөлімі барып, көзбен шолу актісін жасап, 2018 жылы күзде білім бөліміне хат жазған болатын. 2019 жылы қаңтар айында  білім бөлімі білім басқармасына бюджеттік өтінім жолдады. Бірақ, ешқандай ақша бөлінбеді оған. сараптама жасалған жоқ болатын. Көзбен шолу актісі ғана жасалған. 2019 жылы прокуратураның қаулысымен аудандық қылмыстық іс қозғалды».

Ауылдағы дәрігерлік амбулатория да мектеппен қоса сол 2014 жылы қолданысқа берілген екен. Бұл ғимараттың қабырғалары да шамалы толқуларды көтермей, құлай бастаған.

Бағдат ҚҰТТЫБАЕВА, Қаратал ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жалпы тәжірибелік дәрігері

Мына 14 жылы осы ғимаратқа кірдік. 14 -тен 18 жылға дейін осы ғимаратта ауруларды қабылдадық. 50 кісі қабылдауға арналған ғимарат болатын. 18 жылы апатты деп есептеліп ескі ғимаратқа көшіп бардық».

Ендігі үміт мемлекеттік сараптамада болып отыр. Ғимараттардың қаншалықты апатты екені анықталған соң ғана әрі қарайғы тағдыры белгілі болады. Бір анығы, мектеп қолданысқа мүлде жарамайды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button