Алматы облысыҚылмыс/Оқиға

Жігіт 47 жастағы нағашысын пышақтап өлтірген

0
(0)

Алматы облысында ер адам 47 жастағы нағашысын өлтіріп тастағанын айтып, полицияға берілді. Күдікті бастапқыда оқиға орнынан қашып кеткенімен, кейін кінәсін мойындап полицияға өзі барыпты деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. Марқұмның жақындары күдіктінің жалғыз болмағанына сенімді. Қайғылы оқиға Талғар ауданындағы жанармай бекетінің алдында орын алған. Аңшылықпен айналысатын Қуаныш Аяпов мылтықтың дүрбісін осы жерде сатпақ болыпты. Алайда хабарлама бойынша келгендердің жоспары мүлде басқа болып шыққан. Кездесу туралы келіскен жігіттің артынан кенет адам толы қос көлік келіп, Қуанышты қоршап алады. Ақыры бас-аяғы бес минуттың ішінде қансырап жерге құлаған ер адамды сол жердегі қызметкерлер байқап қалған. «Бір топ адам болды. Арасында бір адам сұлап түсті, өлтіріп тастады. Содан кейін оны сүйретіп әкетті», – дейді қызметкерлердің бірі.

Кейін бір топ адам оқиға орнынан із суытқан екен. Ал қанға бөгіп жатқан ер адамға бекет қызметкерлері көмекке келіп, жедел жәрдем мен полицейлерді шақырған. Алайда, өкінішке қарай Қуаныш олар келгенше жан тапсырды.

«Сараптама бойынша ол кісіде 12 жарақат болған, пышақпен жасалынған. Артына екі рет пышақ сұққан және алдына, 10 рет. Жүрек тұсына, кеуде тұсына пышақ сұққан. Мұрны сынған, қолында жарақат бар деді», – дейді марқұмның келіні Назгүл Аяпова.

Көп ұзамай 28 жастағы жігіт кінәсін мойындап полицияға өз аяғымен барыпты. Қуаныш есімді аттасы марқұмның туған жиені екен. Жігіттің мұндай қастандық жасауына «бұрынғы кек себеп» деп санайды қаралы отбасы. Ұзақ жыл араласпай кеткен жиені жеті ай бұрын ойламаған жерден пайда болыпты. Сөйтіп Аяповтардың мазасын ала бастаған көрінеді.

«Жанжал жеті ай бұрын әкеміз қайтыс болғаннан кейін басталды. Осы адамдар біздің отбасымызды мазалайтынды шығарды. Тіпті басқа ағаларымызға қарақшылық шабуыл жасады», – дейді марқұмның қарындасы Мәдина Аяпова.

Аяповтар іс жылы жабылып қала ма деп күдіктенеді. Ал полицейлер қанды оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Бүгінде тергеу жүргізіліп жатыр.

«Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы, бірінші бөлігі бойынша тіркелді. Сол күні полицияға марқұмның туысы болып табылатын Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны кісі өлтіргенін мойындап келді. Бұл істі тергеуге материалдар арнайы прокуратураға жіберілетін болды», – дейді Алматы облыстық ПД сарапшысы Ернар Сайделдин.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button