Алматы облысыБалқаш ауданы

Алматы облысы Балқаш ауданы аумағындағы дала, орман өрті туралы шұғыл ақпарат

0
(0)

Бірінші өрт оқиғасы 2021 жылғы 14 сәуірдегі Балқаш ауданының жер қорындағы орын алған дала өрті қатты желдің әсерінен Күрті ОШКММ Тау-Құм орманшылығына ауысқан болатын. 2021 жылдың 15 сәуір күні әуеден «Қазәуеорманқорғау» РМҚК ұшағымен бақылау жүргізілді. «Қазәуеорманқорғау» РМҚК ұшқыш бақылаушысының берген ақпаратына сәйкес жел жылдамдығының тоқтауына байланысты өрттің таралуы тоқтатылған.

Қазіргі уақытта Күрті Орман шаруашылығы КММ 30 адам, 1 өрт сөндіру автокөлігі, 1 трактор, 5 жеңіл автокөлік, аудандық ТЖБ 1 көлік 6 адам, «Қазәуеорманқорғау» РМҚК 9 адам, Желтораңғы ауылдық округінен 6 адам орман өртін сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Өрт сөндіру жұмыстары кезінде адамдардың жарақтануы мен шығыны болған жоқ.

Өрттің аумағы мен келтіріліген залал көлемі, өрт толық жойылғаннан кейін есептеліп, қосымша ұсынылатын болады.

Екінші өрт оқиғасы 2021 жылдың 15 сәуірдегі сағат 12-00 ақпарат бойынша Іле-Балқаш МТР (бұдан әрі-Резерват) Іле сағасы филиалының Наурызбай кардонынан батыс бағытта 10-15 шақырым жердегі жер қорында басталып Резерваттың 13 орамы 1 теліміне ауысқан. Өрт болып жатқан жер сулы-батпақты аумақ. Өртті сөндіруге Резерваттан 2 автокөлік пен 9 адам жіберілген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button