Алматы облысыҚылмыс/Оқиға

Алматы облысында бойжеткенді отбасылық танысы зорлап кеткен

5
(1)

зорлау

Алматы облысы Іле ауданының 19 жастағы тұрғыны өзін таныс ер азамат зорлағанын мәлім етті. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айжан есімді бойжеткеннің айтуынша, ол кешке жақын үйіне жұмысынан 35 жастағы отбасыларының танысының көлігімен қайтып келе жатқан. Кенеттен жүргізуші бағытын өзгертіп, жапан далаға бұрылған. Бұл әрекетін ол қоқыс тастаймын деп түсіндірген. Алайда қаскөй бойжеткенді осы жерде зорлапты.

Күдікті жуынуға кеткенде, Айжан шөптің арасына жасырып үлгерген. Бірнеше сағаттан кейін оны туыстары тауыпты. Қазір жәбірленушінің жақындары күдікті жазадан құтылып кете ме деп қорқатындарын жеткізді.

«Оның есімі – Бекжан. Біздің отбасымыз оны бұрыннан таниды. Алғаш рет онымен менің ұлым танысқан. Ол ұлымды жұмысына алып барып келетін. Кейіннен қызымды да таситын болды. Оның мұндай әрекетке барады деген ой үш ұйықтасақ, түсімізге кірмепті. Мен қызыма жұмыстан қайтар уақытында үнемі қоңырау шалатынмын. Сол күні хабарласа алмадым. Ол бұл туралы ағасына айтқан. Ол жаққа барғанымызда оның денесі көк ала қойдай, көзі жасқа толы екенін көрдік», – дейді жәбірленушінің әкесі.

Оқиғадан кейін Айжан полицияға шағымданған. Алайда ол істің созылып кетуінен қорқады. Өйткені құқық қорғау органдарында күдіктінің бауыры жұмыс істейді екен. Ол бұған дейін отбасыға келіп бір миллион теңге ақша ұсыныпты.

«Несие алдым, міне, сіздерге бір миллион теңге» деп ақша ұсынды. Мәселені ақырындап шешеміз. Сіздер қазір ақшаны алыңдар» дейді. Әкем қызымды сатпаймын деп кесіп айтты. Одан кейін күдіктінің туыстары да, жасы үлкен әжелері де келіп кешірім сұрады. Айтуларынша, ер адамның әйелі ажырасуға сотқа жүгінген, отбасыларының шырқы бұзылыпты», – дейді жәбірленушінің туысы.

Өз кезегінде Алматы облысының ПД өкілдері аталған оқиға бойынша іс қозғалып, қатаң бақылауға алынды деп қысқа қайырған. Сот сараптамалары тағайындалған. Ал бойжеткеннің жақындары істі соңына дейін алып баруға бел буған. Олар күдіктіге ең ауыр жазаны тілеп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button