Алматы облысы

Алматы облысында тойға келген қонақ атыс ұйымдастырған

Тергеу барысында оқиғаның Алматы облысында болғаны анықталды.

Қазнетте үйлену тойының видеосы пайда болды, онда қонақтардың бірі төбеге тапанша атады.

Тергеу барысында оқиғаның Алматы облысында болғаны анықталды. Қонақ ашуланғаннан емес, керісінше эмоцияға беріліп оқ атқан.

Полиция видеоға қызығушылық танытты. 26 жастағы алматылық жарық-шу патрондарын қолдана отырып, сигналдық тапаншадан оқ атқанын анықтады.

“Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 1-бөлігі (Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану) бойынша әкімшілік өндіріс басталды. Сигналдық тапанша алынды, оған сараптама тағайындалады”, – деді Алматы облысы ДП баспасөз қызметі

Той ұйымдастырушы мен мейрамхана әкімшілігі де тексеріліп жатыр.

Ұсталған адам көпшілік алдында кешірім сұрады және мұндай жағдай енді қайталанбайды деп уәде берді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.