Алматы облысыҚылмыс/Оқиға

Алматы облысындағы ірі жол апаты: Президент тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды

0
(0)


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында болған ірі жол апатын тергеуді өз бақылауына алды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы.

«Президент Алматы облысында мас жүргізушінің төрт оқушы қызды қағып кеткен жол оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын өз бақылауына алды. Екі қыз ауыр хәлде ауруханада жатыр», – деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.

Ол мемлекет басшысы көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма бергенін жеткізді.

Сондай-ақ зардап шеккен қыздар мен олардың ата-аналарына тиісті көмек көрсетілетінін атап өтті.

Еске сала кетсек, Алматы облысында УАЗ көлігінің 54 жастағы мас жүргізуші бір топ оқушы қызды қағып кетті. Олардың үшеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345/1-бабының 2-бөлігі (жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, мас күйде көлік құралын басқару, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button