Праймериз

Патриоттық сезімім праймеризге қатысуға себепкер болды – Айкерім Есенәлі

Медиа продюсер, танымал теле-радио жүргізуші Айкерім Есенәлі праймеризге не үшін қатысатынын айтты. Newsroom+Ақпарат агенттігі үміткермен сұхбат жүргізді. 

Айкерім, Nur Otan партиясы жариялаған праймеризге қатысатыныңызды хабарладыңыз. Бұл қадамға баруға не себеп болды?

Айкерім Есенәлі: Патриоттық сезім. Телеарна, жалпы БАҚ саласына алғаш қадам аттағалы биыл 20 жыл болыпты. Азды көпті тәжірибе жинап, ой түйдім.  Жастар саясаты, әлеуметтік проблемалары, әйел, ана, отбасы мәселелері, түрлі қоғамдық әлеуметтік проблемалар, идеологиялық, мәдениет пен өнердің дамуы секілді тақырыптарды жұмыс тәжірибемнің барысында танып үйрендім, зерттей білдім. Жас болсам да, талай кейіпкердің мәселесін соңғы шешіміне дейін жеткіземіз деп жүріп көпті көрдім. Кейінгі жылдары саяси сұхбаттар,жалпы саяси жобаларда белсендімін.  Бұл тіпті елдегі көбесі сөгілмей тұрған проблемалардың шешімін тауып үйренуге бір қадам жақындатқан сияқты.

Бұл күндері елге деген махаббатты білдіре бастасаң, жалған патриотшылдыққа балайтындар көп болып кетті. Бірақ, шыны сол мен елімді жақсы көремін. Ауыл-аймақ, елдегі әр түрлі қалаларға барғанда бәз қалпы, өзіне жарасымды басқаша дәстүрі, өмір салты, әл ауқаты түгел қызықтырады. Әр қайсысының өз ерекшелігіне сай дамуы дамылсыз болу керек  деп ойлаймын. Өткен жылы ҚР Президенті сайлауы алдында партия құрамында ел араладық, әрбір тұрғынмен жеке сөйлесуге мүмкіндік туды. Бизнес өкілі, фермер, көп балалы ана, жас тұрғын, барлығымен. Міне, сол кезде елдің ықыласын, тележүргізуші болып әр түрлі жобада таныған көпшіліктің бізге жастарға сеніммен, үміт арта қарайтынын түсіндім. Екі онжылдығымды елді тыңдаумен, сұхбатқа шақырумен келемін. Билік пен халық арасындағы байланысын орнатуға атсалысып келемін, демек осы жолда жинаған тәжірибені игілікке жұмсайтын сәт жетті.

Саяси додадан не күтесіз?

Айкерім Есенәлі: Саяси белсенділікті. Ашықтықты. Халықтың түгел елдегі болып жатқан құбылыстарға араласуы демократиялық қоғамды дамыта түспек. Праймериз саяси белсенді жандардың елге құлақ түруіне, оның мәселелерін шешудің өз тәсілдерін ойлауына жол ашады біріншіден. Екіншіден, халық жаңа ел тағдырына бей жай қарамайтын қаһармандармен танысады.

Бағдарламаңызда қандай мәселелерді көтересіз?

Айкерім Есенәлі: Ақпарат саласының маманы ретінде әрине дұрыс ақпараттандыру мәселесін қолға алғым келеді. Себебі, кейінгі бірнеше жылда жалған ақпарат, эмоционалдық қысымның қаншалықты қауіпті екенін білдік.   Халықпен тиімді кері байланыс орната білу, ашықтық аса қажет. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейтуге қатысты шараларды қолға алар едім. Кино, мультфильмдерің қазақшалануы, қазақ тілінде өнімдердің көбеюі бұл жолда өте маңызды. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. ЖООна бастап шағын және орта бизнес саласында бұл мәселе әлі бар. Жемқорлықты тамырынан шабуға біз бүкіл ел болып кірісу керекпіз деп ойлаймын. Шағын және орта бизнеске, әсіресе стартаперлерге қолдау мәселесі.   Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасын арттыруға қатысты жобаларға ден қою мақсатта бар. Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту. Ең алдымен көп балалы аналарға қолдау және қоғамдағы тағы бір маңызды тақырып ана мен бала құқықтарының сақталуы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әйелдер, балалар зорлығы, тұрмыстық зорлық зомбылықққа қатысты проблемалардың шешімін іздеуге күш салу қажет деп ойлаймын.

Жастардың саяси қызметке белсенді араласа бастауының себебі неде деп ойлайсыз?

Айкерім Есенәлі: Бұл мемлекеттік дамудың келесі бір кезеңіне лайықты көрініс деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің саналы ұрпағы қазір есейіп, етек жеңін жинап елдің ертеңіне алаңдай бастады. Тәуелсіз ел тұрғындарының санасы басқа болады, білесіз. Сондықтан, жас азаматтардың саясатқа ертерек келіп, жаңашылдыққа ертерек ұмтылғаны жақсы деп ойлаймын. Әрине, нені меңзеп отрығаныңызды түсінемін. Қазір, еңбектен қашып бірден былғары орындыққа жүгіретін жастар бар, – дегенді көп естиміз. Мүмкін ондайлар да бар шығар. Бірақ, ол былғары орындықтың жауапкершілігі ауыр. Міндеті көп. Кез келген саладағы нағыз бәсеке, білім бәсекесі сынға түскен кезде мықтылар қалып, әлсіздер мықты болу үшін бәрібір барлығын басынан бастап жатады. Өмір бұны да көрсетті. Сондықтан, ұмтылыстың болғаны өте әдемі көрініс. Бұл мықты жастардың қоғамы өсіп келе жатыр дегеннің белгісі деп білемін.

Сіздің бұрыннан қоғамдық өмірге, жастар саясатына немқұрайлы қарамайтыныңызды білеміз. Жастармен жиі кездесесіз. Қазір жастарға не керек? Оларды қандай тақырыптар толғандырады?

Айкерім Есенәлі: Сіз білесіз бе, меніңше қазіргі жастар көп толғанбайды (күледі). Әлде мен тек сондай жандармен кездесіп жүрмін бе, әйтеуір іскерлер көп. 15 жастағы жиһаз дайындайтын цехы бар бизнесмен жігітті көрдім. Беске оқиды. Немесе фотостудия ашып алған, ия болмаса, сабақтан тыс уақытта көйлек тігетін шығармашыл жастар бар, бәрі де банкте шотына пәтерге ақша жинап немесе ата – анасының несиесін жауып еңбектеніп жүреді. Көп ортада ізденсем, білсем, көрсем деген қызығушылық көп. Қазақ тілінде жарыққа шыққан әлемдік бестселлерді әлеуметтік желіде көрсетіп қалсаң, таласып алады. Қандай болса да курс, онлайн марафонды ашып қарасаңыз бос орын болмайды, барлығын жастар толтырып алған. Бірін бірі тартып, бірін бірі қызықтырып дамуға бағыт алған. Демек, мемлекеттік идеологияны дамытудың бағытын жастардың сұранысына сай анықтай білу маңызды.

Жеңіске жетіп, мәслихат не мәжіліс депутаты болып жатсаңыз, жұмысты ең алдымен неден бастар едіңіз?

Айкерім Есенәлі: Әрине, мені мазалайтын сұрақтардың бірі маңызды, екіншісі күте тұрады деп айту қиын. Сондықтан, параллель әдісімен, шешім жодарына қарай қадам-қадаммен іске асыруға кірісер едім.

Қазір атқарып жүрген қоғамдық қызметтеріңіз жайлы айтып берсеңіз. Сәттілік тілейміз!

Айкерім Есенәлі:  Осы күндері өзімнің жеке «YouTube» арнама «Педофолиядан қалай сақтанамыз»- деген тақырыпта материал әзірлеп жатырмын. Себебі, өзім анамын. Қызым өсіп келеді, іні-сіңлілерім бар. Ал бұл проблема қоғамның жарасына айналып кеткен. Маған ең бірінші баланы сақтандырып үйрету, өзгелерге осы жолда көмектесу мәселесі маңызды болды. соңғы бірнеше оқиғадан кейін әр түрлі мамандардан осы тақырыпқа қатысты инсайд, пікірлер жинадым, енді соны көрерменге ұсынамын. Одан бөлек дәл сол арнамда  жастар арасында ерекше танымал форматтарда қазақтың ертегілері, аңыздары, дәстүр, жоралғылары туралы баяндайтын жобам бар. Оған қызығушылық тіпті жоғары. Партия жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде әр түрлі өзекті тақырыптардың шешіміне қатысты өз ұсыныстарымды қосамын. Жастармен кездесу, пікірталастар жиі өткізіп тұрамыз. Журналист ретіндегі телеарнадағы, радиодағы жұмыстарды да қатар алып жүруге тырысамын. Праймериз жобасына қатысушы жастарды бір шолып шығып, көзім қуанды. Себебі, жалындап тұрған бастамашыл жандарға қарап, амбициясын дұрыс бағытта қолдана алатындар көп екен ғой деген ой келді. Баршаға сәттілік тілеймін.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.8 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

26 Comments

26 Comments

  1. Бауыржан

    24.09.2020 at 08:59

    праймеризге қатысқандар мәселелерді ашып айту керек

  2. Махан

    24.09.2020 at 08:59

    ең бастысы мәселелерді дұрыс көтеріп, ұсыныстарды да айту керек

  3. Ақбота

    24.09.2020 at 09:00

    Праймеризге 11 мыңға жуық адамның қатысқаны қоғамда негативтен басқа нәрсені айта алмайтындардың аузына қақпақ болды деп ойлаймын

  4. Жәния

    24.09.2020 at 09:01

    Бұған дейін партия мүшесі болмаған болса, тіпті, кейбір жерде партияға қатысты сын айтса да, ондай адамдардың да қатысуына мүмкіндік жасау керек.

  5. Жәния

    24.09.2020 at 09:01

    Қазақстан-Менің Отаным, көп нәрсе жасалуда. Мұның жартысы қазірдің өзінде деп айтуға болады. Барлық қойылған мақсаттарды іске асыруда барлығына сәттілік пен сәттілік

  6. Мадина

    24.09.2020 at 09:02

    Аграршыларға жеңілдікті несие беруді, келісімшарттық қаржыландыру тетігін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі техника мен жабдықтар лизингін кеңейту арқылы қолдау көрсету қажет
    Жауап беру

  7. Мадина

    24.09.2020 at 09:02

    Қазір талқылау үшін сайлау алды бағдарламаларының 216 жобасы жарияланды, олар краудсорсинг қағидатын ескере отырып, праймериз қорытындылары бойынша пысықталады. Бұл бағдарламалар бойынша алдағы 5 жыл жұмыс істейтін болады

  8. Махан

    24.09.2020 at 09:02

    өте жақсы, әзірше оларды бекітіп, енгізуге болады ұсыныстарды пысықтау үшін

  9. Махан

    24.09.2020 at 09:03

    партиядан суға назар аударуыңызды сұраймыз! Ақмола облысында әлі күнге дейін құдықтар мен колонкалардан су тасып жатыр

  10. Жәния

    24.09.2020 at 09:03

    Қолдаймын.Көкшетауда осындай мәселе бар, Өзім білемін, назар аударамын деп үміттенемін.

  11. Мадина

    24.09.2020 at 09:03

    Сайлауалды бағдарламалардың жобаларымен таныстым және өңірлердің ең ауыр нүктелері белгіленгенін көріп отырмын. Енді кезең-кезеңмен орындауды күтеміз. Партия бұл проблемаларды бақылауға алып, көпшілік назарына ұсынатыны қуантады. Ал жергілікті әкімдіктер бәрін түсініксіз түсіндіреді.

  12. Мадина

    24.09.2020 at 09:04

    Жастарға назар аударыңыз! Олар қазір бұрынғыдан да қолдауды қажет етеді!

  13. Махан

    24.09.2020 at 09:04

    Әл-Хилял банк мысалында пайызсыз ақша беретін банк құру керек. Тұрғын үй, тұтынушылық несиелер, бизнес несиелері, бірақ пайызсыз.

  14. Махан

    24.09.2020 at 09:04

    Мәжіліске, Үкіметке қазақша сөйлейтін, ана тілімізде кез-келген мәселелерді талқылай алатын жігіттеріміз бен қыздарымыз келсе, үлкен жеңіс болады.

  15. Жәния

    24.09.2020 at 09:05

    кейбір қалалар мен аудандарда үш ауысымды мектептер проблемасы қалды. Бұл проблемаларды шешу керек

  16. Мадина

    24.09.2020 at 09:05

    «Nur Otan» Көшбасшы партиясының әр бастамалары өте орынды. Идеологиялық бағытта емес, нақты көрсеткіштерге негізделген.

  17. Нариман

    24.09.2020 at 09:06

    Алдағы 5 жылда партия автомобиль жолдарының сапасын кезең-кезеңімен жақсартуға қол жеткізетін болады.

  18. Бағдат

    24.09.2020 at 09:06

    Жастар арасында жұмыссыздықты төмендету үшін партия жыл сайын кемінде 6,5 мың жасты жұмысқа орналастыруда.

  19. Бақытжан

    24.09.2020 at 09:06

    Партияның істеп жатқан жұмысын басқа бірде бір партия жасай алмайды деп ойлаймын.

  20. Әлихан

    24.09.2020 at 09:06

    Нұр Отан партиясы жарайсыздар! Сіздерге алғысым шексіз!

  21. Жазира

    24.09.2020 at 09:07

    праймеризге қатысқандар мәселелерді ашып айту керек

  22. Раушан

    24.09.2020 at 09:07

    Еліміздің басқа аймақтарында да осындай жобалар жүзеге асырыла берсін деп тілеймін

  23. Раушан

    24.09.2020 at 09:07

    Жастарға өз ісін бастау үшін жыл сайын қаншама несие бермек, бұлай қолдап отырғандары дұрыс !

  24. Бағдат

    24.09.2020 at 09:08

    Мұның бәрі праймериз қатысушыларының ұсыныстарынан алынған ең үздік жобалар деп ойлаймын!

  25. Жандос

    24.09.2020 at 09:08

    Халық үшін ештеңе жасалынып жатқан жоқ дейтіндерге осы мақаланы оқысын дер едім

  26. Ханзада

    24.09.2020 at 09:09

    Нұр Отан партиясына сәттілік тілеймін! Алға қойған мақаттарыңызға жетеберіңіздер!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.