Праймериз

Ғалымжан Худияров: Спорт – өнердің жоғары сатысы

0
(0)

Nur Otan партиясы ұйымдастырып жатқан партияішілік праймеризге қатысып жатқан үміткерлер өздерінің бағдарламаларын ұсына бастады. Түрлі мәселенің шешімі табуға ат салысып жатқан үміткерлер ішінде Түркістан қаласы бойынша додаға түсіп жатқан азаматтардың бірі әрі бірегейі Ғалымжан Худияров.

Ғалымжан Батырханұлы 1983 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1996 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің күрес бөліміне келіп, спорттағы өзінің жолын бастаған. Қазақстан республикасының спорт шебері. Халықаралық және республикалық жарыстардың жүлдегері.

Үш ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған Ғалымжан Худияров праймеризге спорт саласын дамытуға күш салып отыр. Өзінің бағдарламасында үміткер негізінен үш бағытқа баса назар аударған.

Түркістан қаласында спорт түрлерін насихаттау: спорттық шараларды көптеп ұйымдастыру, білім беру мекемелеріне спорт түрлерін енгізуді қолға алу. Аудан-ауданда, мектеп-мектепте, ұйым-мекемелерде жарыстар, спартакиада, универсиадалар ұйымдастыру . Бір мезгілдік шара күйінде қалдырмай, жүйелі, тұрақты, жыл сайын өтетін дәстүрге айналдыруды баста ретінде көтеріп отыр.

Спортшыларға қолдау көрсету: қазіргі таңда спортшыларымызды мемлекеттік деңгейде қолдау мен қорғаудың арнайы тетігін жасауға ұсыныстар енгізу; әлемдік жарыстардан орын алып, елінің абыройын асқақтатып қайтқанспортшыларымыздың жалақы деңгейіне талдау жасау, қолдау шараларына ұсыныс енгізу; ата-аналардың балаларын спортқа баулуда сенімін нығайту;

Қалада халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін және денешынықтырумен, спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесін көбейту мақсатындағы құрылыс жұмыстарына атсалысу;

Қала жастарын тиісті салалармен бірлесіп жұмыспен қамту, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуына жағдай жасауға қатысу секілді мәселелерді күн тәртібіне қойып отыр.

Айта кету керек, Ғалымжан Батырханұлы екі бірдей монографияның және 32-ден аса ғылыми еңбектердің авторы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close