Праймериз

Ә.Әлденей: праймериздің келесі деңгейі басталады

0
(0)

10-12 қараша аралығында еліміздегі барлық облыстар мен қалаларда 202 конферениця өткізіледі. Бұл преймериздің келесі деңгейі, деп facebook парақшасында жазба қалдырды Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей. 

«10-12 қараша аралығында барлық облыстардағы қалалар мен аудандарда, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында 202 партиялық конференция өткізіледі.

Басты оқиға – облыс мәслихаттары мен Мәжіліс үшін «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне қосылуға үміткер болып отырған 1412 праймериз кандидаты қатысатын пікірсайыс болмақ.

Аудандық (қалалық) конференциялардағы пікірсайыстарға қатысатын кандидаттар тізімі Primaries.kz порталында жарияланды.

7-8 қараша аралығында барлық 4,5 мың бастауыш партия ұйымында жиналыстар өткізілді, нәтижесінде аудандық және қалалық партия конференцияларына 10 мыңнан астам делегат сайланды. Олар пікірсайыс қорытындысы бойынша праймериз үміткерлеріне дауыс бермек. Таңдалған сайлаушы делегаттар – праймеризге кандидат ретінде қатыспаған тұлғалар.

13 қараша күні облыстық конференцияларға қатысуға жолдама алатын аудандық (қалалық) пікірсайыс жеңімпаздарының тізімі бекітілетін облыстық филиалдардың бюролары өткізіледі.

16-17 қарашада 14 облыстық партия конференциясы өтеді. Онда облыстардан Мәжіліс сайлауына қатысу үшін «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне кіретін праймериз кандидаттары анықталады.

Конференциялардың барлығы әлеуметтік желілерде «Nur Otan» партиясының аймақтық филиалдарының аккаунттарында тікелей эфирде көрсетілетінін естеріңізге саламын.

Барлық қатысушыларға пікірсайыстардың мазмұнды және нәтижелі болуын тілеймін!», – деді Әлібек Әлденей.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close