Праймериз

Мұхамеджан Болысбек: Мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы халық

2
(4)

 

Біз, «Nur Otan» партиясының белсенділері мемлекет басшысының тапсырмаларын халыққа ашық, қолжетімді және айқын жеткізуіміз қажет.

Сол кезде билік пен халықтың кері байланысын арттыра түсеміз.

Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы халық.

Күні кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауының оныншы «Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу» бөлімінде әрбір азаматтың  тұтас мемлекет тиімділігін арттыруы үшін саяси саладағы бастамаларға қатысу керектігін атап өтті.

Сондай–ақ ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуді ұсынды.

Халықты басқаратын адам халықтың арасынан шығуы тиіс және халық сайлауы керек. Осы тарапта ауыл аймақ басшыларының жүзін білмейтін өлкелер жетерлік. Қоғамдағы мәселелермен күнделікті бетпе – бет келіп, шешілуіне ықпал еткісі келіп шырылдап жүрген белсенділер қаншама.

Осы тұрғыда «Nur Otan» партиясы жаңа өзгерістерді өзінен бастап, әлемдік тәжірибеде бар праймериз партияішілік сайлауын жариялап, алғашқы рет қоғам белсенділерінің арасында маңызды доданы өткізіп отыр.

Белсенді әр азамат праймериз алаңында өз ойын жетік білдіріп, пікірін партия мүшелерімен алмаса алады.

Бұл жоба мемлекет басшысының жолдауда атап өткен жаңғыртудың негізгі мақсаты тұтас мемлекеттің тиімділігін арттырудың басты механизмі болса керек.

Шараның басты мақсаты білікті, белді нағыз халыққа жақын көшбасшыларды іріктеу болып табылады. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 403 үміткер тіркеліп өз бақтарын сынау үстінде.

Бар айтарым, ашық ойын білдіре алатын, қолжетімді халықтың мәселесін шеше алатын, мемлекеттік бағдарламаларды азаматтарға тиімді, қарапайым түрде жеткізе алатын жанашыр жүзден жүйріктер шықсын деген ниеттеміз.

Мұхамеджан Болысбек,

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан

қаласы «Алматы» аудандық филиалы

Төрағасының бірінші орынбасары

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close