Праймериз

Әлібек Әлденей: бұл тұңғыш онлайн дауыс беру

5
(1)

Бүгін «Nur Otan» партиясының праймеризі бойынша дауыс беру басталды. Үш күнде 10 076 кандидаттың ішінен үздіктерді анықтаймыз – деп жазды Nur Otan партиясының хатшысы Әлібек Әлденей өзінің facebook парақшасында.

Ә.Әлденейдің жазуынша, қазіргі сәтте ақпараттық жүйеде 728 879 адам тіркелген (авторизация жасағандар).

Дауыс беру бастапқы сәттен бастап қарқынды өтіп жатыр. Бүгін түнгі сағат 00.00-ден таңғы сағат 04.00-ге дейін «Праймериз» жүйесіне 50 мыңдай партиялық кірген. Сағат 11.00 шамасында бір мезетте 76 мыңнан аса адам қолданғаны анықталды.

Техникалық мониторинг бір мезгілде дауыс беруші партиялықтар мен дауыс беру барысын бақылап отырған кандидаттардан бөлек сайтты бөгде қолданушылар да қарап отырғанын көрсетті.

Мұның барлығы жүйеге артық салмақ түсірді, бұл жалпы процесті баяулатып, сұраныстардың өңдеу уақытын ұлғайтады. Қазір біздің IT-мамандарымыз техникалық іркілістерді жою, мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктерін арттыру шараларын қолға алды – деді ол жазбасында.

Еске сала кетейін, бұл – Қазақстанда тұтас ел көлемінде өтіп отырған тұңғыш онлайн-дауыс беру.

Сондықтан жүктеменің жоғары болу ықтималдығын ескеріп, әуел бастан дауыс беруді 3 күн бойы 1 – 3 қазан аралығында, яғни бас-аяғы 62 сағат ішінде өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

Сағат 13.00-де «Праймериз» ақпараттық жүйесінде 31 367 партиялық дауыс берді.

Құрметті праймеризге қатысушылар!

«Дауыс беру нәтижелері» бөлімінің жаңартылуы 30 минуттан 1 сағатқа дейін уақыт алады. Бұл алгоритм жүйеге түсетін жүктемені төмендету үшін енгізілген.

Талдау көптеген қолданушының жүйеде сағаттап отырғанын көрсетті. Сондықтан кандидаттардан және басқада қолданушылардан жүйеге қайта-қайта кіруді тоқтата тұрып, партиялықтардың дауыс берулеріне мүмкіндік берулерін сұраймын.

Құрметті партияластар!

Екі нәрсені ерекше атап өткім келеді.

Бірінші. Әрбір партиялықтың дауыс беру нәтижелері сақталады және сұраныстарды өңдеу барысына қарай міндетті түрде жүйеде көрсетілетін болады.

Екінші. Қорғаныс және шифрлау жүйесі қандай да бір бұрмалаушылыққа жол бермейді.

Еліміздің ең шалғай елді мекендерінің тұрғындарын қоса алғанда партияның барлық мүшесі дауыс бере алады.

Барлық мәселе дер шағында шешімін табады. Уақыт жеткілікті. Әрбір азаматтың дауысы есепке алынады!»

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close