Поэзия және Проза

Қазақ дипломаты қырғыз ақындарын қазақша сөйлетті

Қырғызстанда ұзақ мерзімді дипломатиялық іссапарда жүрген белгілі публицист-жазушы және дипломат Мұхтар Кәрібай қырғыз халқының ақындарын қазақшалап, бірқатарының шығармаларын қазақ тіліне аударды.

Бұл туралы М.Кәрібайдың аударма өлеңдерін жариялауға ресми рұқсат алған newsroom.kz порталы хабарлайды. Бірінші болып қырғыз ақыны Жыпар Исабаеваның шығармашылығын ұсынамыз.

 

Бір үзім от салып жүрекке

 

Бір үзім от салып жүрекке,
Көңілге уайым түнетпе.
Есімде қалуын қаламайм,
Елесің айналып суретке…
Көзімде жазылған жырларда,

Кеудемде жасырған сырларды,
Оқимын деп жаныңды қарс ұрып,
Тоқтатшы, дабыра қылғанды.
Тарынба, жүрсің деп алыстап,
Уа, шын – уақтыңды кетірмей,
Адаспай бақытын тапсын деп,
Аулақтайм, жаныма жолатпай…

Ал, бірақ өзегім өртеніп,
Өзгеріп, өкініп, оқшалып…
Жүрегім тыз етет, әттең-ай,
Өзіңсіз бар дүнием босарып…

 

********

Қап, әттең

Құшағы мұзырақ, тасырақ,
Қуаныш, күлкісі азырақ,
Құсалық аталған дүниеден,
Құтқарып, алып кет қазір-ақ.

Бораса, бораны болмаған,
Ботадай боздатып қоймаған,
Бауырлмал дүниеңе алып кет,
Құсадан – кеудемде орнаған.

Жан-дүнием жаншылып, жаншылып,
Жарысқан ойлардан шаң шығып…
Жанымда жүрсең де жалғаспай,
Жақындық – күншілік, айшылық…

Тамырлар суалып қалысты,
Қанаттар қайрылып, талысты…
Қап, әттең оралмас сәттерім,
Қар басып канша алыс қалысты…

 

********

 

Өзің де  жол таппайсың

Жан-дүниеңнің

іздеп үтір, нүктесін,

Қазып оқып, баяндауыш, етісін,

Сен жөнінде ілім жақтап ақыры,

Керек, – дейсің, – мен бақытқа жетісім.

Бәлкім жасап

бір селсаяқ білінбей,

Жүрген болса бас қалқалап діліңде-ей,

Дәрі қызыл сияменен өшіріп,

Жолдан алып сәлем, – дейсің, – тегінде…

Мені оқып

біте алмайсың, қарағым,

Парақтаған сайын терең кетер тамырым,

Жады қалса өзім-дағы өзімді,

Оқығанға жетісе алмай барамын…

Мейлі қанша

Қара жанның сабағын,

Жүрегіңді мың азапқа саламын.

Қанша жұмсақ болғанменен мінезім,

Қайра осынша таспын, емен дарамын.

Кейде шоқпын,

ойынқарақ баламын,

Кейде 100 жыл жасағансып аламын.

Мені іздесең кейде бармын, кейде жоқ,

Кейде өзімді бір сап жырдан табамын…

Бекер енді

мені жіктеп жаттайсың,

Дүнием кенен, кешір, бірақ батпайсың.

Ара жолда каншалары адасқан,

Жүрегіме сен де жолды таппайсың…

********

Публицист-дипломат Мұхтар Кәрібай

Бұл дүние

Келгенге де, кеткенге де теңмін деп,
Кімге тармын, кімге сонша кеңмін деп,
Бір қалыпта шалқып жатар бұ дүние,
Жұтамай да, толып-таспай келкілдеп…

Ал, біз болсақ мың түрленіп құбылып,
тіршіліктің тіреуіндей түйіліп,
сезіп-сезбей жүргеніміз, жолдарда –
өмір ағып қалып жатса шұбырып…

Күндер, жылдар бір-біріне тоғысқан,
қаншасы оның әттең текке ағысқан…
Өмірдің де бір ұшында кебінмен
жатқан пенде… қайтып барат «қонақтан…»

********

Жыр жазып жатқанда…

Ойларыңның ойқы-қайқы ұшығы,

О, бір одан орғаштамай отыршы!

Ондаған жыл ойлансаң да таппайсың,

Қандай бақыт ақынға осы болмысы!

Күн бе, түн бе жүрекке жырлар өбіліп,

Балқып денең, қабырғаң қырық сөгіліп.

Бұлқан-талқан алып дария сияқты,

Өзіңе-өзің толып, қайыра төгіліп…

Жарыңның да қойынынан сурылып,

Қамсыз болып – қалғаныңа булығып.

Қандай жақсы, кұшағында жырлардың,

Қаның-жаның кайнап жатса туланып!

Шумақ… жолдар келген кезде төркіндеп,

Қорғасындай еріп денең, көлкілдеп,

Міне-міне, шығып кетші өңденіп,

Жаның жырдың қыл ұшында мөлтілдеп! ..

Уа, осы кез қандай жырғал, керемет,

Байлығың да, билігің де кеп емес!

Керек болса кейде бір сәтті жырға,

Бүтіндей бір өмір-дағы тең емес!

********

Күту

Көше жым-жырт,
көліктер де тоқтаған…
Күлгін шамдар – үмітіме ұқсаған!
Тереземді қарай беріп баяғы,
Бүгін түні сеніменен дос болам.

Түнгі шамның
нұрларына шайынып,
Жапырылып, жалғызсырап, қайығып,
Бір тамшы су «тып!» деп түссе жонына,
кіл азаптан кететіндей айығып.

Байғұс дарақ!
Жаңбыр жауса тірілмек,
Дыбырлаған тамшыларға кірінбек!
Күтуменен сағыныштың пәк жырын,
Жапырақтар жырлап бермек дірілдеп! ..

Тағдырымыз –
екеуміздің дөп түсіп,
Мен де сендей бір тамшыдай сөз күтіп,
Ұшы-қыйыры көрінбеген жолдардан,
Бақыт күтем, басымды иіп, шөк түсіп.

Осы жолдар
маған сүю әкелмек,
Осы жолдан… маған бір күн жаз келмек!.

********

Бір жолы

Мен өзімді ақын емес,
жай ғана…
әйел сезіп қалғанда,
Қазан қайнап,
Ошақ жайнап ондайда,
Жарымның да шекесінен тер шығып,
Тапыраңдап калысқансыйт балалар да…

Бас көтермей,
көртірлік деп күшеніп,
Жамап-жасқап, жыртық-тесік бітеліп,
Үсті-үстіне ойлар келіп деген бір:
«Біз де елдей дүние-мүлік күтелік…»

Жарма, тоқаш
уағында жасалып,
Жады қалса Қараушым да жасанып,
Қазан-тұлға, қасық-аяқ қапырай,
қазір ғана шыққан ұқсап жасалып…

Басқаша бір
аппақ болып жақасы,
Мұриын ширып, балдарымның атасы:
– Неменеге басқашасың, – дейт маған,-
Не болған саған, балдарымдын апасы?…

Қанша бір жыл
айла-амалсыз жүргендей,
Бүгін шындап қайта бастан сүйгендей,
Алақаны аршып терін шекемнің,
еркелетет, ең алғашқы күндердей.

– Уәй, отағасы,
ақындықты қояйын,
Саған жақса, жай ғана әйел болайыайы,-
дедім сонда, – Үзілгеніңді жалғасып,
шашылғаныңды орны-орнына қояйын.

Білмейм неге,
бір қызарып, қуарып,
Бірде сеніп,
бірде сенбей, бұл анық,
Үлкен күнә жасағандай қиналып,
Ақырында көзі жетуге айналып.

Жүзіктерім
саусақтарда жарасып,
өткен-кеткен
жанның бәрі қарасып,
Тұрсашы…» – деп бір ойладым япырай,
Ақындықтан “айнып” кетіп баратып.

«Иномарка
болса алдыда мінгенім,
Импорт болса
ішкен-жеген, кигенім…
Осынша жыл жасап жүріп осынай,
Өмір барын о бастан не білмедім?…» –

дедім-дағы
өзімді-өзім тілдедім,
Біліп тұрып бір сәт одан кірледім.
«Екі қабат үй салалық ебін тап,
Енді осындай үйде тұрады кім?» – дедім!

Күйгелектеп,
ыз-быз этіп арадай,
Ызылдасам
күйеуім қалды танымай.
Қайта бастан
Түске ұқсап бұл өмір.
Баяғыдай – бәрі тегіс, бәрі жай.

«Саған сондай
күйеу анық керек пе?
Төрт тарабың қыбыла онда, – демес пе!
Жырың барда басқа едің, жақсы едің,
Енді сені білмейм кімге теңеуді!»

Міне сөйтіп,
Қайта ақынға айналдым,
Баяғы күн айтқанымды қайта алдым.
Байымның да кербезденіп көңлі тоқ,
жыр бөбегі өскен сайын балдардың

 

********

 

Балмұздақ жеген қария
(Болған о
қиға ізімен)

Жастығы әлдеқайда қалып қалған,
Кібіріп кішірейип, қарып қалған,
Баладай жалтаңдаған бір қария,
Кемінде тоқсандарға барып қалған,

Кәлөшін оң-тетірі артын басып,
Қоңылтақ сүйреп алған тарпылдатып,
Тамсанып, балмұздақ жеп бара жатыр,
Көшеде қолы-басын қалшылдатып. ..

“Апаке, қара тегі чоң атаны,
Жөн жесе оған біреу таласа ма?
Көздері неге алаңдайт күнекердей,
Жә бәлкім ұрлап кетіп барады ма?..” –
дейді ұлым таң қалғанын жасыра алмай,
айтуға тағы көпті батына алмай…
баяғы қарбаластап қария да,
қолына балмұздағын сыйғыза албай…

Кәрілік чоң атаны жадатқандай,
Шошырқайт өз тобынан адасқандай…
Осы жол, осы тәтті балмұздағы,
Қайта оны бала қылып баратқандай. ..

“Қартайса балаға ұқсап қалады адам…” –
деп едім, ұлым бір жалт қарап маған:
“Қалай сіз..? Сіз де осындай боласыз ба?” –
деп мені сене алмай, аяп одан…

Басымды болар-болмас изеңдеттім,
Күрсініп: “Әттең дүние, бір кем…” – деппін.
Бұл сурет, мына жауап Нұреліме,
Қаншалық зілді екенін білмеппін де…

“Тарп-тұрп, тарп…”- сүйретіліп ұзап қадам,
Артына қылшақ-қылшақ қарап балам,
Бақырып жылап әзір жіберердей,
Көздері мөлтілдейді бұлақтана

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.