Жаңалықтар

2023 жылы негізгі ҰБТ сәуірде өтуі мүмкін – Руслан Емелбаев

2023 жылы негізгі ҰБТ сәуір және шілде айларында өтеді деп жоспарланып отыр. Енді мамыр айында тестілеу өткізілмеуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Сулейман Демирель университетінде өткен Ашық есік күнінде айтты, деп newsroom.kz хабарлайды.

«Келесі ереже бекітілгенше негізгі ҰБТ екі рет болып қалады. Биылғы оқу жылында оқушыларда 5 рет ҰБТ тапсыруға мүмкіндік бар. Қаңтарда, наурыз, тамызда ақылы негізде өтеді және оның сертификаты жоғары оқу орнында ақылы негізде оқуға жарайды. Сондай-ақ екі негізгі ҰБТ-ны тапсыруға мүмкіндік берілген. Тіркелу онлайн форматта өтеді, әркім тестілеу тапсыру күнін және уақытын өзі белгілей алады», – деді ол.

Сондай-ақ орталық директоры 2023 жылы негізгі ҰБТ неліктен сәуір және шілде айларында өткізілетінін түсіндірді.

«Жыл сайын негізгі ҰБТ мамыр және маусым айларында өткізіліп келді. Енді оған өзгеріс енгізгелі отырмыз, жобасы дайын. Биылғы жоспарымыз бойынша бірінші мүмкіндікке тіркелуді наурыз айында ашқалы отырмыз. Алғашқы тестілеуді сәуір айында өткізудің бірнеше себебі бар. Біріншіден, мамыр айында мереке көп. Екіншіден, биылғы оқу жылында 31 мамырда өтетін маңызды мереке – соңғы қоңырау бар. Оқушылардың бар ойы соңғы қоңырауды тойлауда болады», – деп түсіндірді Руслан Тохтарұлы.

Жаңа өзгерістерге мектеп оқушылары риза екенін жеткізді. 10-сынып оқушысы Хасен Элифнурдың пікірінше, негізгі тестілеудің сәуір айына ауыстырлуы оқушылар үшін тиімді.

«Бүгінгі Ашық есік күні маған қатты ұнады, СДУ-ға екінші рет келіп отырмын. Қызықты, нақты ақпараттар алдым. Маған ең ұнағаны – негізгі ҰБТ-ның сәуір айына ауыстырылуы. Наурыз және мамыр айларында мерекелер өте көп, іс-шаралар жиі өтеді, сондықтан оқушылардың ойы сол жақта болады. Сәуір айында өткізілуі дұрыс шешім деп есептеймін. Руслан мырзаның айтқан шешімін қолдаймын. Сондай-ақ «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 20 сұрақ, ал «Оқу сауаттылығы» бойынша 15 сұрақ болатыны да ұнады. Себебі еліміздің тарихын білу өте маңызды», – деді оқушы.

Ұлттық тестілеу орталығы Ғылым және жоғары білім министрлігіне ұсынған жаңа жобада дистракторлар (жауап нұсқалары) саны өзгертілген. Яғни бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (үш дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азаяды. Сондай-ақ ҰТО директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, сұрақтар санында да өзгерістер болады.  «Оқу сауаттылығы» бойынша 15 сұрақ: 5 сұрақтан 3 мәтін (200-350сөз) беріледі, ал «Қазақстан тарихы» бойынша 20 сұрақ: бір дұрыс жауапты 10 тапсырма, мәнмәтін негізінде 10 тапсырма беріледі. Естеріңізге сала кетейік, бұл өзгерістер қазіргі таңда тестілеу орталығы тарапынан жоба ретінде ұсынылған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.