Жаңалықтар

7 жылдық кепілдік немесе 200 000 км жүріс кепілдігі: Қытайлық премиум бренд автомобиль жасаудың жаңа стандарттарын орнатуда

Қазақстанда ҚХР EXEED премиум брендінің автомобильдерін сату басталды деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Қазақстан Республикасындағы EXEED ресми дистрибьюторы Orbis Auto алдын ала тапсырыстарды қабылдай бастады. Әлемдік автоконцерн инженерлері мен дизайнерлері әзірлеген автомобильдерді сатып ала отырып, Қазақстандық автокөлік әуесқойлары премиум дизайн мен алдыңғы қатарлы еуропалық технологияларды іске асыратын өніммен қатар, Қазақстандық нарық үшін бірегей кепілдік шарттарын – 7 жылдық кепілдік немесе 200 000 км жүріс кепілдігін алады.

Брендтің ұсынған модельдеріне шағын LX кроссовері, орташа өлшемді TXL кроссовері және үлкен өлшемді VX жол талғамайтын көлігі кіреді. Үш модельдің барлығы Қазақстандық дилер орталықтарында сәуірдің бірінші жартысынан бастап қолжетімді болады. Максималды жиынтықтағы LX бағасы 15,9 млн теңгені, TXL – 20,9 млн теңгені, VX – 22,9 млн теңгені құрайды.

Премиум-класс автомобильдерін алғашқы болып сынақтан өткізу және сатып алу мүмкіндігіне Алматы, Нұр-Сұлтан және Қостанай қалаларының тұрғындары ие бола алады. Мұнда брендтің алғашқы дилерлік орталықтары ашылады. Жаңа автокөлікті сатып алғысы келетіндер дилер мен банктер ұсынатын қаржыландыру бағдарламаларын қолдана алады және өз көлігін Trade-In жүйесі бойынша жаңасына ауыстыра алады.

Orbis Auto бас директоры Динара Искакованың пікірінше, EXEED премиалды модельдері Қазақстандық автокөлік әуесқойларының үлкен қызығушылығын тудыратын болады.

«Бүгінгі таңда автомобиль нарығы қиын кезеңдерді бастан өткеруде, бірақ Қытай 10 жылдан астам уақыт бойы әлемдік автомобиль өнеркәсібінің тұрақты көшбасшысы болып табылады, жергілікті жетекші автоөндірушілер жаһандық автомобиль концерндерімен ынтымақтасып жұмыс істейді. Әлем бойынша Қытайда жасалған автокөлік сатылымы жыл сайын өсіп келеді және бұған қисынды себептер бар. Заманауи Қытайлық автомобильдер баға мен сапаның оңтайлы үйлесімін бейнелейді, салыстырмалы құны бойынша олар технологияландырылған болып табылады және премиум жабдықтарымен мақтана алады. Қазақстандықтар EXEED озық технологияларына лайықты баға бере алатынына сенімдіміз және өз тарапымыздан сұраныстың өсуін қамтамасыз етуге көмектесетін құралдарды, соның ішінде бірегей кепілдік шарттары мен қаржыландырудың тиімді бағдарламаларын ұсынуға дайынбыз», – деді Динара Искакова.

Қазіргі уақытта автомобильдерге арналған электрониканың әлемдік өндірісі Қытайда шоғырланған, сондықтан Orbis Auto өкілдері атап өткендей, ҚХР автомобиль өндірушілері микросхемалардың өндіріс үшін қажетті мөлшеріне ие. Бұл Қазақстандық автокөлік әуесқойларында, көптеген автомобиль брендтері үшін өзекті болып табылатын, жеткізілім тапшылығы проблемасы туындамайтынын білдіреді. Жылдың соңына дейін ресми дилер Қазақстанда 1000-нан астам автокөлікті сатуды жоспарлап отыр. Егер сұраныс болса, сатуды көбейту мүмкіндігі болады.

EXEED International вице-президенті Қытайдың брендті Қазақстандық нарықта ілгерілету мүддесі бар екенін атап өтті.

«Біздің жаңа брендіміз үшін Қазақстан негізгі нарықтардың бірі болып табылады. EXEED жасау барысында, біз заманауи, бірден бағындыратын дизайнды, өндірісте үздік технологиялар мен материалдарды пайдалануды және мінсіз қызмет көрсетуді корпоративтік философияның негізіне салдық. Осының бәрін біз және серіктесіміз Orbis Auto Қазақстандық сатып алушыларға ұсынуға дайынбыз. Сонымен қатар, сұраныс болжамнан асып кетсе де, біз ҚР-дағы EXEED дилерлік орталықтарына автокөліктерді жеткізуді толық көлемде қамтамасыз етуге дайынбыз», – деді Жу Шандон.

Orbis Auto автомобиль тобының жоспарында – брендтің дилерлік желісін кеңейту. Көктемнің соңына дейін Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай және Атырау қалаларында дилерлік орталықтар ашу жоспарлануда. 2023 жылы дилерлік желіні 11, ал 2024 жылы 19 автоорталыққа дейін арттыру жоспарлануда. Orbis Auto стратегиялық жоспарларында – елдің барлық өңірлерінде автомобильдерді сату және сервистік қызмет көрсету кезінде ең жоғары сапа стандарттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін EXEED заманауи дилерлік желісін құру.

EXEED премиум автокөліктерінің өндірісі Қытайлық Anhui Exeed Automobile Co компаниясы құрған кәсіпорынның күшімен жүзеге асырылады. LTD өзінің технологиялық серіктесі Jaguar Land Rover-мен бірге Еуропаның ең ірі автоконцерндерінің бірі ұсынатын ең жоғары стандарттар мен талаптарға толық сәйкес келеді. Құрамдас бөлшектерді өндіру бойынша бренд, сонымен қатар, әлемге әйгілі автомобиль компоненттерін шығаратын компаниялармен, соның ішінде Intel, Baidu, Bosch, Magna, Benteler сияқты Fortune 500 тізіміне кіретін компаниялармен ынтымақтасқан.

 

 

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.