Жаңалықтар

«Атамекен» экспедициясы Қарағанды облысында

Екі күндік экспедицияда журналистер Жаңаарқа ауданы, Жезқазған және Ұлытау өңірлеріне орналасқан тарихи киелі нысандарды аралайды

«Егемен Қазақстан» РГ» АҚ бастамасымен ұйымдастырылған «Атамекен» экспедициясы жазиралы Жаңаарқа –Жезқазған- Ұлытау өңірлеріне ат басын тіреді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған рухани сапардың салмағы зор.

Қазақ халқының мәдениеті мен тарихын, аймақтардың туристік әлеуетін насихаттау – экспедиция барысындағы басты мақсат.

Екі күндік экспедицияда журналистер Жаңаарқа ауданы, Жезқазған және Ұлытау өңірлеріне орналасқан тарихи киелі нысандарды аралайды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

Ел ішіне ерекше салтанатпен келген экспедиция құрамында «Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ төрағасының орынбасары Ерболат Тілекқабылұлы Қамен, «Egemen Qazaqstan» газеті бас редакторының орынбасары Талғат Садықұлы Батырхан, «Saryarqa Aqparat» ЖШС директоры Қамбар Ахмет, «Egemen Qazaqstan» газеті Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі Қайрат Әбілда, «Egemen Qazaqstan» газетінің бөлім меңгерушісі Мирас Асан, ардагер журналист Торехан Майбас секілді руханият серкелері мен жергілікті БАҚ өкілдері бар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.