Жаңалықтар

Алматылық полиция батырларына арналған ескерткіш ашылады

0
(0)

Алматылық полицейлер қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан әріптестерін еске алды. Әуезов аудандық полиция басқармасы аумағында қаза тапқан тәртіп сақшыларына  ескерткіш ашылды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

ҚАНАТ ТАЙМЕРДЕНОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
«Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бері Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барында 70 тәртіп сақшысы қаза болды. Оның ішінде қылмыскердің қолынан қаза тапқан 32 полицей. 5-уі осы Әуезов ауданында адал қызмет атқарған. Қаза тапқан тәртіп сақшыларының барлығы Отан алдында борышын адал орындай білді».
Есекерткіштің ашылу салтанатына ардегерлер мен полиция қызметкерлері және Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың әйелі қатысты. Ескерткішке гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Сонымен қатар департамент басшысы қызмет бабында қаза тапқан полицей  Мақсат Дабыловтың отбасына барды.  Ол 2011 жылы деструктивті діни ағым ұстанушыларының заңсыз әрекетін тоқтату барысында  қаза тапқан болатын.

ГҮЛЖАМАЛ ТӘЖІБАЕВА, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ ҒАЗИЗ БАЙТАСОВТЫҢ ӘЙЕЛІ: Сіздерге барлық отбасылардың атынан алғысымды бюілдіргім келеді. Себебі сіздердің осылай отбасымыздағы қайғымызға ортақ болдыңыздар. Қазіргі келе жатқан ұрпаққа үлгі-өнеге болып жатыр».

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button