Жаңалықтар

Президенттің конституция күнімен құттықтауы

0
(0)

Ата заңымыз  қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады. Президент Конституциямыздың ұлағатты ұстанымдары экономикалық дағдарыстарды батыл еңсеріп, болашаққа сеніммен қадам басуымызға жол ашатынын атап өтті, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

«Атазаңымыз ел бірлігін және адамның ар-ұжданы мен абыройына қол сұғуға болмайтынын негіздеп, кемсітудің кез-келген түріне тыйым салу арқылы ұлтымызды ұйыстырады. Осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз  ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік рухы әрбір жолында көрініс тапқан Конституциямызға құрмет халқымызға тән отаншылдықтың арқауына айналып отыр»,- деді президент.

Ел Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда републикалық референдумда қабылданды. Ал күшіне сол жылдың 5-қыркүйегінде енді. Ата заң 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Қолданыстағы Конституция қабылданған кезден бері оған 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 жылдары бес рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button