Жаңалықтар

Оффлайн оқудың шығыны

0
(0)

Әне-міне дегенше жаңа оқу жылының да басталар шағы таяды. Балам мектепке барады деген ата-аналардың табанынан таусылатын уақыты да осы. Бір теңгеге болса да арзанырақ дүкен іздейтін қауым үшін биылғы нарық қалтаға қатты тиіп жатқан жоқ па? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап newsroom.kz. порталы хабарлайды.

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын базардағы баға да шарықтай түседі. Оқушынының керек-жарағын түгендеп, білім ордасына аттандырудың өзі ата-ананы біраз әуре-сарсаңға салады. Мектеп формасы, сөмкесі мен киім-кешегі, оқу-құралдары тағы бар. Ал биылғы базарлар мен дүкендер дүниенің бағасын сұрап тұрған жоқ па? Әуелі мектеп формасын сататын дүкенге бас сұқтық. Иін тірескен халықтың арасынан есікті әзер таптық.
АҚСҰЛУ ӘШКЕНҚЫЗЫ, САТУШЫ: «Жемпір, жилет, қыздарға мысалы юбкалар болса, балаларға шалбар. Солардың барлығы 16-17 мың болады. 16500 болады. Өте қолжетімді. Біздер бағаны өсірген жоқпыз ешқандай».
Алайда сатушының жауабымен осында жүрген ата-ана келіспейді. Қымбат деп кесіп айтты.»Өте қымбат. Өткен жылғымен салыстырғанда қымбат».
«Міне, мынау 18500 дейді костюм-шалбар. Үлкендерге 28-30-ға аласың ғой, мынау кішкентай баланікі».
«Елу мың қалды. Елу мыңға екі баланы қалай киіндірем?».
«Қазір менде 27 мың теңге қалды. Үш балаға сөмке алу керек. Сумкалар 7 жарым мыңнан. Ал неғыласыздар?».
Ал неғыламыз? Бұл бір ғана мектеп формасының бағасы. Әлі оқу-құралдарын сатып алу керек. Қағаз қаламның қаншаға өскенін білу үшін қайнаған базардың дәл ортасына табан тіредік. Бұл жерден де жайдары жүрген сатып алушыны таппадық.
«Қымбат болды. Бәрі қымбат екен».
«Бағасы қанша шығатынын білмейміз. Бірақ бір 150 мыңға есептеп келдік».
Енді базардағы бағаларға көз жүгіртіп шықсақ. Орта есеппен:
* Күнделік – 400 теңге;
* Жұқа дәптердің 20 данасы – 500 теңге, қалың дәптердің бір данасын орта есеппен 150 теңгеге табасыз.
* Қаламсап жиынтығы – 550 тенге;
* Түрлі-түсті қарындаш – 700 тенге болса, қылқалам мен бояу 1 200 теңгеге шығады.
* Фломастерлер орта есеппен – 580 тенге;
* Сызғыштардың жиынтығы да 580 тенгеге шақ.
* Пеналдың орта бағасы 850 теңге. Ал осы ұсақ-түйекті жиып-теріп салатын сөмкенің базардағы орта бағасы 12 000 теңге.
* Ал мектеп формасы 18мың мен  30 мыңның арасы.
* Осылайша орта есеппен алғанда бір баланың мектепке дайындығы үшін кем дегенде 50 мың теңге қажет. Ал еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге.
Экономист Бауыржан Ысқақов мектепке қажетті құралдар мен киімдердің бағасына билік тарапынан бақылау керек деп санайды. Бағаның шарықтайтын бірден-бір себебі сырттан келген тауарлардың құнын негізсіз өсіру деп басып айтты. Сонымен қатар мынадай бірнеше кеңесті құлаққағыс етті.
БАУЫРЖАН ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ: «Бірінші кезекте өзіміздің қазақстандық тауар өндірушілер үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірлеу керек. Қосымша құрылғылар алуға рұқсат беру керек. Қосымша жұмыс істейтін мамандарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген көмек керек. Кәсіпорындарға Түркия сынды өнімдер шығаратындай мүмкіндік жасау керек».
Сарапшының айтуынша, Қазақстан өнімдеріне 20 пайыз көлемінде ғана үстеме баға қосылуы тиіс. Сырттан келетін тауарлардан арзан етіп сатқанда» ғана отандық өнеркәсіп дамып, бағаның негізсіз шарықтамайтынын атап көрсетті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button