Жаңалықтар

Онлайн жұмыс ақысы қысқара ма?

0
(0)

Елдегі эпидахуалға байланысты мекеме жұмысшыларының 80 пайызы қашықтықтан жұмыс істеу форматына өткені белгілі. Осы ретте кей басшылар онлайнды желеу етіп, қызметкерлерінің ақысын қысқартуда. Бұл қаншалықты дұрыс? Халық нені білуі тиіс? Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасында сөз болды деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

Пандемия дендегенде Үкімет қашықтан жұмыс істеу шараларын қабылдағаны белгілі. Міне, бір жылдан бері ірі кәсіпорындар мен өзге де мемлекеттік қызметкерлер 80 пайызы онлайн форматқа көшті.  Мәселен, елордалық Меруерт Найзабаева жаңашылдыққа әбден үйренгенін  айтады.

МЕРУЕРТ НАЙЗАБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:»Пандемия басталғалы бір жыл онлайн жұмысқа өттік. Өте қолайлы болды. Интернетпен жұмыс істеп жатырмыз, офиста жиналып отырғанымен. Бұл кішкаене ыңғайлы. Біздің қызмет берушіге де жеңілдік берді, аренда төлемейміз».

Ал шілденің басында Мемлекет басшысы қашықтан жұмыс істеу туралы заңға қол қойды! Еңбек кодексіне сәйкес,  жұмысшы келісімшарттағы міндеттерін түгел орындаса, оған еңбекақы да толық көлемде төленуі тиіс. Бірақ, кей пысықайлар онлайнды сылтауратып, жұмысшыларының жалқысын қағып жатады. Еңбек саласының мамандары  оны заңға қайшы деп отыр!

БИБІГҮЛ НҰРАШЕВА, ЗАҢГЕР: «Еңбек шартында жұмыс күндерін белгілейміз ғой. Егерде 5 күндіктен 4 күндікке көшетін болсақ,   жалақы қысқартылады. Себебі жұмыс, еңбекақы жұмыс күндеріне байланысты төленеді, және атқарылған уақытына да байланысты төленеді. Жүз пайыз сақталынады десек, егерде режим өзгермейтін болса онда жалақы сақталынады».

Десе де халықтың жаңа форматқа қатысты пікірі де қақ жарылды. Біреуі онлайн тиімді десе, өзгесі оффлайнсыз жұмыс оңбайтынын алға тартты!

«Біздікі оффлайн тек. Онлайнға келмейді».
«Онлайн жұмысты құптамаймын».
«Ми демалады. Оффлайн дұрыс қой».

Сонымен қатар, қоғам арасында  төрт күндік жұмысқа көшу  мәселесі де қызу талқылануда. Былтыр Еуропаның бірқатар елі әлгі методикаға көшкен болатын. Сарапшылар мұндай нормаға әлі ерте деген пайымда.

САЛТАНАТ ОРАЗБЕКОВА, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ: «Қазір адамдар өз жұмыс уақытын қолдана алмайды. Оның пайдасы да бар, зияны бар. Ол әлеуметтік қарым-қатынасы, стресс жақсы болады. Ата-аналар көңіл бөледі. Әйел адамдарға тиімдірек болады Кері жағынан әсер ететін болсақ, көбінесе ақша жағынан опық жеп, еңбекақысы азаяды».
«Бес күндік жақсы. Қаладағыларға тиімді шығар. Ол тиімді емес».
«Мне кажется это будет не результативно».
«Айлық қысқарып қалады ғой. Біздің айлығымыз аз шығып жатыр, несиеміз бар».
«Бес күн қолайды».

Айтпақшы,  мамандар  4 күндік жұмыс аптасына өткен жағдайда, жалақы қысқаратынын айтады.  Себебі…

БИБІГҮЛ НҰРАШЕВА, ЗАҢГЕР: «Еңбек шартында 5 күндіктен 4 күндікке өтсек жалақы қысқартылады. Ол жұмыс күндеріне, атқарылған уақытына да төленеді. Режим өзгермейтін болса, жалақы сақталынады».

Қысқасы, 4 күндік жұмыс әзірге  халыққа тиімісіз!. Сондықтан оның оң және теріс тұстарын алдын ала зерттеу алу керек дейді мамандар.

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button