Жаңалықтар

Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіттің кім екенін белгілі болды

Ол №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович болып шықты

Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған адам ТЖМ қызметкері екені белгілі болды. Табылған адамды туыстары таныды, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы.

«Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған мәйіттің кім екендігі анықталды. Ол №3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович болып шықты. Мәйітті марқұмның туыстары таныды. Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде қаза тапқандар саны он бес адамға жетті», – делінген хабарламада.

«Сергей 21 тамызда 41 жасқа толған. Кеше ұлының туған күні болып, 14 жасқа толды. Қызы екі жаста. Өрт сөндіру бөлімінде ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеді», – деген Экспресс К-ге марқұмның туыстары.

Еске сала кетсек, 26 тамыз күні 19:00 шамасында Жамбыл облысындағы Байзақ ауданында әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймасында өрт шыққан болатын. Тілсіз жаудан соң он шақты жарылыс болды. Нәтижесінде100-ге жуық адам зардап шекті. Оның ішінде 49 ТЖМ қызметкері бар. Соңғы мәліметтер бойынша қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.

Жоғалған тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.